Тарих

Асанбай Асқаровтың асыл жары Фатимаға абақтыдан жазған хаты

Сен, біздің жастық дәурен-күндерімізді еске түсіріп көрші.

Қадірлім менің, Фатима! Міне, мен сенен жырақта, бір қиырда отырып саған хат жазып отырмын. Сен, біздің жастық дәурен-күндерімізді еске түсіріп көрші. Әсіресе, мен саған үзбей, кешеуілдетпей төпелетіп тұрып хат жазатын алғашқы жылдарымызды. Ол хаттарда жалын-от бар, олар жүрек түкпірінен қанат қағып жататын-ды. Бұл өзі бір жалын-отқа оранған, жалыннан жіп есетін жүрек емес пе еді. Ондағы әрбір сөзге дейін, әрбір қарпіне дейін жастық рухын асқақтатып тұрар еді. Ол кезде біз тіптен жас едік, жас адамның қай-қайсысы болса да бір-біріне құштар боп, ынтызар боп тұрар еді. Әуелгіде тіпті өмір шіркін туралы ойлап та жатпайтынбыз. Ал, махаббат құдіреті дегеніңіздің өзі де бір оқшау тұрған, ерек тұрған нәрсе еді ау. Сенің есіңде ме, мен саған жазған бір хатымда, меніңше, бұл 1946 жылдың бастапқы күндерінде. Термез қаласынан жазылған шығар. Адам баласы үшін ең әуелі бостандық керек, ал бақыт деген нәрсені адамның өзі жасар болар. Шын мәнісінде де, біз, екеуміз үлкен өмір жолдарынан өттік. Өткен өмірлеріміз үшін біздің өкпе-наламыз болмауға керек. Менің жарқырай көрінуіме, өсіп-өркендеуіме, қалыптасуыма өз қолыңнан келген нәрсенің баршасын ірікпей жасағаның үшін мен саған ғұмырымда ризамын. Сен менің нағыз өмір серігім болдың. Сен менің нағыз өмірлік досым болдың. Сен менің досым, жан-жолдасым болуың арқылы да мен адам болуға, нағыз үлкен жүректі адам болуға тырыстым. Мұны басқа бір адамдар біле бермес те. Сенесің бе, қазірдің өзінде де сен маған өмірге қызыға қарайтын, мұңсыз-қамсыз бойжеткен боп көрінесің де тұрасың.

Біз екеуіміз ұзақ жолдардан өткен — сүйікті дос, менің жан тербеткен балаларымның анасы болған тұста мен саған сағынышқа толы хатымды жазып отырмын. Балаларым үшін Мен және Сен — бірбүтінбіз әрі бөліп жаруға мүлде келмейміз. Маған түскен азаптар қаншама қиын болған күннің өзінде де мен бәрін де еңсеретін боламын.

А. Ас.

18.ХІ.87 жыл.

 

Р.S. Ұлт жанашыры Асанбай Асқаров «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыруға қатысты, ұлтшыл» деген айыптармен 1987 жылдың сәуірінен 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды……………..

 

QAZAQ ELI тобынан

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 85

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.