Тарих

Шыңжаңда тарихқа дейінгі сүйек коньки табылды

Тілшінің 2022 жылы Шыңжаңдағы археологиялық жұмыстар жөніндегі есеп беру жиналысынан алған ақпаратына сәйкес, Шыңжаңның Нылқы ауданы Жырынтай сайындағы Гаотай қирандыларынан жиыны 40-тан астам ағаш арба дөңгелектері мен өзге де компоненттер табылды, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.Cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Бұл жаңалық – Қытайдағы тарихы ең ерте, саны ең көп және ең толық сақталған ағаш дөңгелек материалы.

Сонымен қатар қирандылардан табылған сүйек конькилері де Қытайда алғаш рет байқалып отыр. Конькилер сиыр мен жылқының сүйектерінен жасалғаны анықталды, ал пішіні Еуропадағы ежелгі сүйек конькилерімен бірдей. Бұл қола дәуірінде Еуразияда Шығыс пен Батыс арасындағы алмасудың жаңа дәлелдерін береді, сонымен қатар Қытайдағы мұзда сырғанаудың шығу тегін зерттеу үшін сирек кездесетін физикалық деректер болып табылады. Зерттеу нәтижесі бойынша, Гаотай қалдықтарының уақыты біздің эрамызға дейінгі XVI ғасырдан б.з. д. XV ғасыр аралығына тура келетіні анықталды.

Фото: Kaz.people.Cn

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.