Тарих

Мәңгілік сұрақ: Шыңғысхан қазақ па, моңғол ма?

Шыңғысхан қазақ болса, қай жүзден тарар еді?

Соңғы кездері әртүрлі ортада, әрқилы адамдармен жолығысып жүрмін. Таныса келе олар менің моңғолиялық қазақ екенімді білген сәтте-ақ «Осы Шыңғысхан қазақ солай емес пе?» дейді. «Жоқ» десеңіз, сені жақтырмай қалады. Қызық.
Осы ағайындар мына бір деректі білсе екен: Шыңғыс хан заманында Жамуқа деген ноян болды. Көптеген тарихшылар бұл адам Темүжиннен артық болмаса, бір мысқал кем емес еді дейді. Бірақ Жамуқа ешқашан хан болмайды. Себебі, Темүжиннің түп атасы Боданшардан Қабыш батыр туады. Қабыштан – Менен, одан Қаши күлік, одан Қайду, одан Байшоңқыр, одан Тұмбынай шешен, осы Тұмбынайдан қағанның ұлы атасы Қабыл хан, Қабылдан Бартан батыр туады. Бартан батыр Есукей баһадүрдің әкесі. Осы Есукейден – Темүжин. Біздің айтпағымыз ертеде жоғарыдағы Боданшар қол бастап барып, қоңсы отырған жадыран-жаршыт тайпасын шауып, олжаға түскен сұлу әйелді қатындыққа алыпты. Сөйтсе бұл бейбақтың аяғы ауыр екен. Одан ер бала туады. Боржығындар (тайпа атауы) баланың атын Туғадай деп қойып, оны туған ұлдарындай сіңіріп кетеді. Жоғарыдағы атақты Жамуқа осы Туғадайдың жетінші ұрпағы. Қысқасы қанша батыр болса да түп атасы тегі күмәнді жат болғандықтан оған қағандық орын мәңгілікке бұйырмады.
Сонда деймін де, жеті атасын тектеп Жамуқаны таққа жолатпаған моңғолдар тегі қазақ Темүжинді қалай хан қылады?!
әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 40

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.