Тарих

Голощекинді бір-ақ ұрып талдырып тастаған қазақты білесіз бе?

4.2
(36)
1926 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшысы Филип Голощекин сол кездегі Қазақ Автономиялық Республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы Жалау Мыңбаевты кабинетіне шақырып алып «жедел түрде орта және бай шаруалардың малдарын тартып алып, дүние мүлкін кәмпескелеп, қарсы шыққандарын жер аударуға» тапсырма береді.
Уақытты ығыстырғысы келген Жалау Мыңбаев бұл істі келесі жылдың көктеміне дейін қалдыруды сұрап «қазір алды қыс, шаруалардың малдарын жинап алғанда қараусыз малдар бекер қырылатынын және малсыз халық аштықтан қоса қырылатынын» ескертеді. Өзінің бұйрығын орындағысы келмеген Мыңбаевты бұрыннан жақтырмай жүрген Голощекин оны жерден алып, жерге салады. Сол кезде шыдамы таусылған Мыңбаев Голощекинді құлақ шекеден бірақ ұрып талдырып тастайды.
Бұл оқиға жайлы әңгіме Мәскеуге жетісімен Жалау Мыңбаев Сталиннің шақыртуымен оның жеке қабылдауында болады. Сталиннің кабинетінде отырып кешірім сұраудың орнына оның бетіне тік қарап «Республиканы ақымақ Голощекиннен басқа басқаратын адам жоқ па?» деп оған қарсы сұрақ қояды…
Жалау Мыңбаев 1892 жылы бұрынғы Адай уезі Құнан-Орыс ауылында дүниеге келген. 1905 жылы Форт Александровск қаласында қазақ-орыс мектебіне оқуға түсіп 1907 жылы жалғыз қамқоршысы әжесі Ботакөз қайтыс болған соң оқуын жалғастыра алмай қалады. Сонан соң тұз өңдеу кәсіпорынында жұмыс істеп жүрген Жалауды Ресей патшасының билігін құлатқан ақпан төңкерісінен кейін Адай ақсақалдары өздерінің Түркістан автономиясын қолдайтындығын жеткізу үшін оны Қоқан қаласына жібереді. Бұл сапардан қайтқан соң Жалаудың мансабы бірден өсе бастады. Өзінің туған жерінде бірқатар жауапты қызметтер атқарады. Дәл осы кезде Кеңес үкіметін мойындаудан бас тартып қуғынға ұшырап Ташкентке сонан соң Ақтөбеге бас сауғалаған Мұстафа Шоқай Жалау Мыңбаевтан көмек сұрайды. Өзінің қызметімен жеке басының қауіпсіздігін қатерге тігіп Мұстафа Шоқайдың каспи теңізі арқылы Бакуге қашуына жол ашып береді. 1925 жылы Жалау Мыңбаев Қырғыз Автономиялық Республикасының төрағасы болып сайланады.
Жалау Мыңбаев (1892, бұрынғы Адай уезі Құнан-Орыс ауылы – 16.11. 1929, Алматы) – мемлекет қайраткері. Адай руының Құнанорыс бұтағынан.
Ақмешіт қаласында 1925 жылы 19 сәуірде Жалау Мыңбаев қол қойған құжат негізінде Қырғыз Автономиялық Республикасы аталып келген еліміз Қазақ Республикасы болып өзгертіледі. Астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, Ақмешіт атауы Қызыл-Орда болып бекітіледі. Халқының тұрмыс тіршілігімен мәдениетін көтеру үшін жан аямаған Жалау Мыңбаев қазақ мәдениетін музыкасын зеріттеуші Затаевичке барынша көмек береді. Оған «Ақтан», «Ақбөбек», «Жуас Қоңыр», «Қара торғай» сияқты әндерге тапсырыс береді. Сондай ақ 1925 жылы Қызыл-Орда қаласында наурыз тойын тұңғыш рет ұлттық мереке ретінде тойлануына атсалысты. 1927 жылы Мыңбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жеке басын тергеп, тексеру нәтижесінде ештеңе табалмаған соң оны Орал обылыстық атқару комитетіне басшылыққа жібереді.
Алайда 1929 жылы лауазымы қайта төмендетіліп оның үстінен «Адай-Конторо Революциялық» ұйымының жетекшісі деген жала жабылып, халық жауы деген айыппен қылмыстық іс қозғалады. Осы кезде жығылғанға жұдырық үстіне жалғыз ұлы Ескендір мезгілсіз қаза болады. Осы ауыртпалықтың барлығын бірдей қабылдай алмаған Жалау Мыңбаев 1929 жылы 37 жасында көз жұмады.
Бүгінде батыл әрі ержүрек, елін сүйген қазақ баласының алып ескерткіші Ақтау қаласының орталығында Каспи теңізінің үстіңгі жағалауына тұрғызылған………….

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 36

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button