Тарих

Сақтар мекендеген Шуша атауы не мағына береді?

– Шушаның мағынасын білесіз бе?  – деп сұрадым жанымдағы серігімнен.

– Шиша деген парсы сөзінен шыққан дейді.

– Мүмкін Шуша – шошақтан шыққан болар?

Сосын оған “шошақтың” не екенін түсіндіруге тырысып көрдік. Қисынды сияқты…

Шын мәнінде біз осы сәтте небір шырғалаң шатқалды шарлай өтіп, шошайған шошаққа ұқсас биік шоқының үстінде тұрған едік.

Шушаның төңірегін ертеде шошақ бөрікті  сақтар мен скифтер мекендеген. Шеки сынды біраз жер-су атаулары солармен тікелей байланысты. Әлемге Томирис ретінде танылған Темір ханша да осы маңда парсылармен соғысқан деген аңыз бар.

Одан бері де бұл аймақты ғұндар, албандар, хазарлар, печенектер, құмандар мен қыпшақтар, оғыздар жайлаған. Мәселен Лачин (Лашын), Ақдам (Ақтам), Генже (Кенже) сынды елді мекендер соны әйгілеп тұр. Қазақ деп аталатын аудан мен ауылдар бар екенін бәрі біледі. Біздің ұшақ қонған Физулидің жанында да “қазақтар” деп аталатын ауыл бар екен. Мұның бәрі ортақ тарихымыздың түп-тамырлас, еншісі бөлінбеген егіз екенін айғақтаса керек.

Фото: Дархан Қыдырәлінің фейсбук парақшасынан

Бакуде басталған іс-шарамыз түркі әлемінің мәдени астанасы деп танылған Шушада жалғасты. Жақсы әсер алдық. Халықаралық Түркі академиясы қайта басып шығарған, осыдан мың жыл бұрын қадым түркі тіліне аударылған қасиетті Құран кітапты Шушаның әкіміне табыстадық. Жыдыр жазығына жамбастай жаттық, біздің жайлауларға ұқсайды екен.

Төңіректегі шоқылардан өзгешеленіп, шошайып, көкке ұмсына түскен сол биіктен төменге көз жіберіп, Шушаның көне сақтардың шошағынан шыққанына тағы бір көз жеткізгендей болдық.

Шоқтығың биік болсын Шуша – шошақ!

 

 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

т.ғ.д., профессор Халықаралық Түркі академиясының президенті

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.