Тарих

Шымкенттегі және Сайрам ауданының Қарамұрт пен Манкенттегі күштеу колхоздастыру науқанының көріністері

Саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша құрылған мемлекеттік комиссияның  «Большевиктік –сталиндік режимнің шаруаларға қарсы  күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жетінші бағыт бойынша жұмыс тобы» Шымкент қаласы және   Сайрам ауданының Қарамұрт пен Манкент ауылдарынан шыққан  байлар, саудагер-алыпсатарлар, ишан, имамдарды «қанаушы-эксплуотаторлар» деп танылғандардың 1930 жылдың басында – ақ ірі ауылдық немесе бірнеше колхоздардан тұрған тұрғын алабы болғандығын Түркістан облысы мемлекеттік архивіндегі (ары қарай-ТОМА) 1930-1933 жылдарға тиіселі №505 Қор – «Сайрам ауданы халық сотының материалдарынан» [1] оқып танысуға болады.

Айталық, бірнеше колхоздар шоғырланған Қарамұрт ауылында күштеп жүргізілген колхоздастыру науқаны кезеңіндегі істерді оқи отырып колхоздардың алғашқы жылдары дұрыс жұмыс істемегенін байқауға  болады. Ет, астық салықтары мәжбүрлі түрде салынды. Әсіресе, бұл байларға қатты зардап боп тиген. Байлардың мал-мүлкі тәркіленіп, соңынан оларды колхозға өткізу, кедейлерге үлестіру беру Қарамұрт колхоздарында азық-түлік тапшылығы мен наразылықтарды туғызған. Бұл науқан кеңестер өкіметіне деген сенімді жоғалта бастады. Ақыр соңында аштыққа ұрынған, ол ашар-шылықтың жайылуына әкелген. Отандық тарихымызда бұл оқиғаларды «зобалаң жылдары» деп атайды. Оның 1929-1933 жылдары орын алғаны тарихқа мәлім[2]. Колхоз құрылысына қарсылықты Манкент пен Қарамұрт-тағы байлар, діндар адамдардың әрекетінен көруге болады. Қызығы сол олар өздерін  кінәлімін деп санамаған. Атап айтсақ, 58-7,10- баптары бойынша «колхозға қарсы үгіт насихат жұмысын жүргізді» және жеке малдарын базарға сатып пұлдады колхозға өткізбеді деген «контрреволюциялық айыптаулар» тағылған. Олардың кейбіреулерінің  әрекеттері туралы төмендегіше деректерді  келтіруге болады.

Манкент селосына қарасты «Ленин» колхозының тұрғындары  Қажиматов Айтмат Ерсиматуғли, Рахматов, Ашурматовтар Қылмыстық кодекстің 58-бабының 9,10 тармақтары және 73 ші баппен құғынға ұшырады[3]. Олардың кәсіптері бөз тоқушы – қолөнерші, киім тігінші еді.  Жеке тігін машиналары мен жеке дүкендері де болды. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбектерін пайдаланды. «Қанаушылар» ретінде тұтқындалуға дейін «Ташкент жаққа қашып кетуіне байланысты…» деп іс уақытша тоқтатылған. Осылайша, Рахматов пен Ашурматовқа іздеу жарияланады. Ал Қажиматов Айтматтың белгісіз жағдайда қайтыс болғандығы туралы мәлімет бар.

Ең қызық деректер Манкент селосының аға – інілі байлары Бердикулов Назар  мен Бердикулов Султанкұлға қатысты кездесті. Олар ОГПУ тарапы-нан тұтқындалған 1930 жылы Султанкұл 51 жаста, Назар 49 жаста болыпты [1,13п].  Сол жылы әрқайсынына 100 пұттан мақта салығы салынады. Бірнеше жылқы мен ірі қара малдары кәмпескіленеді. Олар, 1929 жылға дейін адамдарға пайызға ақша беріп өсімқорлықпен айналысып келген екен. Жыл сайын бірнеше кедей шаруалардың еңбектерін өз қожалықтарында  пайдаланып келген «эксплуотаторлар» деп айып тағылған. Кеңес өкіметі көрсеткен осындай әділетсіздікке олар шыдай алмай Манкентте 1930 жылдың мамырында 500 ге жуық адам қатысқан  ереуіл-митинг ұйымдастырады. Ол ереуіл милицияның, халық жасақтарының күшімен таратылады. Ағайынды Бердіқұловтар тұтқындалады. Олар колхоздарды таратуға байланысты және кеңес билігінің жүйесіне қарсы ашық насихат жүргізгені үшін  РСФСР қылмыстық кодексінің 58-10 бап, 61-3 баптарымен істі болады. Ереуіл жасады деп айыпталады. Ол жөнінде көптеген куәгерлерден жауап алынған екен. Мысалы, Рузиметов Ризатай-батрак, Ниязқұлов Ергеш 1926 жылдан партия мүшесі, Нишанов Қидир, Ибраимов Рузакул, Мурзакамданов Мамадияр – батрак, Сариев Ишанқұл – 1919 жылдан партия мүшесі, Каримов Макхам – кедей-батрак, Кущаков Абдуғафур – кедей,  Кушаков Абдураим- партия мүшесі, Нарқараев Вали. Бұлардың барлығы колхозға қарсы ереуілді басты ұйымдастырушылар Бердіқұловтар екенін көрсеткен. Олар: «Бердіқұлов-тардың ата – бабалары бай болған, өсімқор болған, олар бізді кеңес билігіне қарсы ашық наразылыққа шақырды…» деп түсінік хат берген. Олардың ісін ОГПУ дің бригадир уәкілі Джумалин жүргізеді.

Қорыта айтсақ, ауылдың асыраушылары  болған байларға бұл қатаң салық-тар қатты зардап боп тиген. Осыдан азық-түлік тапшылығы орын алған. Ақыр соңында халық аштыққа ұшырайды. Қылмыстық кодекстің 58-10, 7 тармақтарына сәйкес оларға «колхозға қарсы үгіт насихат жұмысын жүргізді, малдарын базарға сатып пұлдады, қолдан сойып тастады, ет салығын төлемеді» деген секілді тағылған айыптар негізсіз болатын. Ең бастысы, байлар өздеріне тағылған осы айыптарды  мойындамаған.

Түркістан облысы мемлекеттік архивінде №168 Қордағы «Сайрам аудандық прокуратурасының  өндірістік бақылаудағы істер» [3] және  №217 Қор – «Оңтүстік Қазақстан облыстық сот материалдары» деп аталатын [5]  және жоғарыда аталған №505 Қордағы[1]   «Сайрам ауданы сотының матер-иалдары» деп аталған істерден оқуға болады. Осы архив құжаттарындағы мәліметтерді оқи отырып, күштеп колхоздастыру науқаны кезеңіндегі байлардың «қылмыстарын» халыққа жасаған қылмыс деуге келмейтіндігіне көз жеткізесіз. Сол себепті байларды ақтауға-реабилитация жасауға болады деп санаймын.

Шымкент қаласы және Қарамұрт пен Манкентте колхоз құрылысының алғашқы жылдары жұмыс жүргізілмеген. Милицияға және бұқара халыққа «төңкеріс заңы» мәжбүрлеп үгіт-насихат жасалған. Азық-түлік түріндегі ет, астық та  мәжбүрлеп салынған. Шымкент қаласында құғындалған байлар және сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандары туралы мәліметтер төмендегі кестеде беріліп отыр[6].

 

Аты-жөні (қысқаша өмірбаяны – туған жылы, жері, жұмыс істеген мекемесі, отбасы, білімі т.б.) Туылған жері, білімі, қызметі Сотталған Қ/К баптары (айыптау қорытындысынан үзінді) Сотталған мерзімі (қанша жылға сотталды немесе атылды, қайда өтеді немесе жерленді) Архивтік негізі (архив аты, қоры, ісі) Ескертпелер

(ақтауға бұрын ұсынылды ма, ақтауға ұсынуға қорытынды)

1 №  958 Қор,  1931ж. Шымкент қаласы [6]

 

1  

Мусаев Қажымет

Шымкент, колхозшы, кедей 1928 жылдан бері колхоз мүшесі, бай деп есептелген 150 пуд астықты талан таражға салған Статья №61, ч 3  Қамалған

 

№ 958 Қор, 1 тізбе, 21-іс

 

 

ақталмаған
2  Сейітов Қаратай Нарметов Қулниез Шымкент қ,  Қосдиірмен қишлағы, байлар Статья 58-10, 107,109 у.к

Колхозға қарсы үгіт –насихат. 1932жыл

10 жыл

 

№ 958 Қор, 1 тізбе, 53іс., ақталмаған
3 Ермолина Филипп, Лобода Феодосий. Шымкент,  Ленгер ауданы. 1932 ж.кулаки, конфискация имуществ, Статья 61 3 Ермолинға 10 жыл, Лободаға 2 жыл

 

№ 958 Қор, 1 тізбе, 27 Не реабилитирован
4 Шойманов Мирзали, Қалымбетов Сатиқана,Минбаев Ергаш диқандар, Шымкент, Ленгер, Сасық ауылы Статья 58-7,  107 колхоз құрылысына наразы.10 жылды арқалаған. (№ 958 Қор, 1 тізбе, 79. 1933 жыл.

 

ақталмаған
5 Авизов Бабахан, Кульджанов Байрам. Шымкент , колхоз Красный Октябрь, село Кызыл Жар Статья 59 -6 бап

 

Еңбек ету орнынан қашқан дезертирлер (Балхашта ауыр жұмыс істеген үш ай еңбекақысын бермеген, аш, ауру болған соң көпшілікпен қатар Шымкентке үйіне кеткен, осында ұсталып қайта қамалған № 958 Қор, 2 тізбе, іс 6. 1942 ж.

 

ақталмаған
6 Бадалов Мадмұса-1898 ж.т, Жабаев Қалкелді-1899 ж.т , Умаров Хадыр-1912. ж.т Шымкент қ, Статья 59 -6 бап 1942 жылы Шу ауданындағы әскери комиссиараттан шақырылған. Қосқұдық мехлеспункентіндегі еңбек колониясынан қашқандар. Шымкентте ұсталып тергеліп сотталған. Бадалов Мадмұса- 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандары 3жылға кесілді. № 958 Қор, 2 тізбе, іс 9. 1942 ақталмаған
7 Курбанов Салман Шымкент қ, ауыл аумағы. Статья 107 (алыпсатарлық) Ташкенттен аяқ киім- махсы, етік, сөмкелерді әкеліп қымбат бағаға сатқан, куәлердің, жәбірленушілердің арызы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айырылған

 

 № 958 Қор, 2 тізбе, іс 21,1942 жыл ақталмаған
№ 168 Қор. Cайрам аудандық прокуратураның өндірістік бақылаудағы істер. 1927-1950  жылдар.

 

1 Юнусходжаев Абдумажит, Зулқарнаев Маткерим, Низамутдинов, А.Швачко, К.Швачко, А.Швачко бұрынғы бай кулак элементтер Сайрам ауданы  Манкент селосы, Қарамұрт селосы, «Билинков», «Ярганлик»  селосынан қашқандар қайта тергеуге алынған. Статья 58 -9, 58-10 ,61-ІІІ,111. Ату жазасы қолданылды, айдауға жіберілді. №168 Қор, 1 тізбе, іс 143. 1931-1932 ақталмаған
2 Торгауытов Егизбек Бұрынғы бай ретінде колхоздан шығарылған Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы Статья 58-10 Султан Рабат ауылынан ұсталып, колхозға қарсы үгіт насихат жұмысы және дән себу, мал бағу ісіне кедергі жасағаны үшін айыпталған. Ату жазасы қолданылды

 

№168 Қор, 1 тізбе, іс 141,1931 ж) Малын етке өткізбей базарда саудалаған соң (4 өгіз, 10 жылқы, 100 қой, колхозға тек 1 ат, 2 сиырды өткізген) 1930 жылы колхозға кірген. Кейіннен эксплуататор деп танылып, өз ауылынан қашып кеткен 
3 Хасанов Убайдулла, Икрамжанов Нигматжан, Мулла Нияз Кабулов, Бутабай ақсақал, Бухарбай, Маленкулов Мехман, Мусақозиев Ишқужа, Ташметов Ирисмат, Мадумаров Султан, Төлегенов Абдурахман. Сайрам ауд, Қарамурт cелосы. Статьялар 58-10, 7-колхозға қарсы үгіт насихат жұмысы үшін айыпталған. Малдарынын етке өткізбей базарда саудалаған (жүздеген ұсақ және ірі қара малдар №168 Қор, 1 тізбе, іс 141. 1931жыл Бірнеше ай Сайрам ауд. Милиция бөлімінде прокуратура тарапынан да ОГПУ тергеушісі Харламов тарапынан тергелген, сондағы абақтыда отырған. Ату жазасы қолданылды. Ақталмағандар

 

4 Қажиматов Айтмат Ерсіметұлы-59 жаста, Рахматов, Ашурматов. Бөз тоқушы қолөнерші, киім тігінші, жеке тігін машиналары мен дүкендері бар. Cайрам ауд, Манкент селосы. Ленин ауыл колхозы, Базар Қақпа, Қарамұрт ауылы Статья 58-9,10. 73. Рахматов, Ашурматовқа іздеу жарияланды. Қажиматов Айтмат Ерсіметұлының белгісіз жағдайда қайтыс болғандығы туралы мәлімет айтылған.Прокуратура алқасының жиналысы шешімімен істері сотқа өткізілген.

 

Жалдамалы тігіншілер мен үй жұмыскерлерін ұстағандар. Ташкент жаққа қашып кеткен болуы керек деп іс уақытша тоқтатылған. №168 Қор, 1 тізбе, 8 бума, іс 182, 39 парақ Ақталмағандар

 

5 Муллатаев Абдимаулан -31 жас.       Партияда бар. Уәкіл. Тегі диқан. Әскерде болған. Қарамұрт ауылы Кеңестер өкіметіне қарсы балағаттау сөздерін айтқан. Бұрынғы патша заманында жақсы өмір сүргені туралы өз өмірінен мысалдар келтірген. Өткен жылы бірнеше бас малдары кәмпескеленген. Жиналыс шешімімен Муллатаев ісі сотқа өткізілген.

 

прокуратурасы іс қозғаған. Ұжымдастыру науқаны жүріп жатқан аудан партия атқарушы билік уәкілі Молдабеқызын ұрған, билік орындарына пышақ шығарып қарсылық көрсеткен. (№168 Қор, 1 тізбе, 8 бума, 189 іс , парақ,1932 ж Ақталмаған
6 Азирбеков Камал – 54 жаста, Азирбеков Хожибек-45 жаста. Бұрынғы байлар және  саудагер. Орташа диқан, шайхана ұстаған. Мал мүлкі тәркіленген. Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы 111- бап, жауапты қызметте жүріп әрекетсіздік жасаған. 61- бап, еңбек міндетін өрескел орындамаған. Мақсары жиналған көлемін білмеген. Астық, сабан жинау науқаны кезінде бақылау, есеп – қисап жасамаған. Бидай жоспары орындалмаған. Бай кулактармен байланысы болды. Соларда қонақта жүрді деген жалаға іліккен. Бай кулактар деп айыпталған. Жұмыскерлер жалдаған. 200 – 250 пұт астық жоспарын орындамаған. Оны орындаудан бас тартқан. Тағылған айыпты мойындамай қашып кеткен. (№168 Қор, 1 тізбе, 8 бума, 184 іс , парақ, №168 Қор, 1 тізбе, 8 бума, 62 іс , 37 парақ ақталмаған

 

7 Ханшиков Тимурхан- 37 жаста. Сауатсыз. Аға бригадир. Бұрынғы орташа бай. Малдары тәркіленген. Сотталмаған. 1930 жылы колхозға кірген.1931 жылы бригадир лауазымына сайланған. Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы.  58-7-10.-баптар.

61- бап, еңбек міндетін өрескел орындамаған.

Бригадасы қолнершілерден құралды. «Утемиш» ауылы. Колхоз жұмыстарына жауапсыздық танытқаны, Колхоз құрылысына қарсы «үкімет жерді өңдеу ісінде дұрыс емес саясат жүргізіп отыр» деген әңгімелерді айтқан. Бұқараны «өздеріңе тиіселі жерлеріңді бермеңдер» деген секілді сөздерді айтып жүрген. Осындай пікірде  1930 жылы колхоз артельіне кірген.

    1930-1931 жж. Қол астындағы колхозшыларға «….жылқылар өле берсін аштан, олар сендікі емес, колхоздыкі» дегенде сөздер айтқан. Солай үш жұмысшы ат мерт болған. Одан басқа, бригадасында бұрын репресияланған бір байды жұмысқа алған. Төрт куәгердің көрсетпесіне және аудан прокуроры Алимовтың рұқсатымен үш жылқының өліміне орай Темирщиковқа тұтқынға алынады. Лагерге тоғытылған

 

(№168 Қор, 1 тізбе, 3 бума, 84 іс. 1931 Ақталмаған
8 Мусаханов Турахан Хусниқожаұлы -Бай саудагер. Қарамұрт, Бел Қақпа. 61-3 бап. Батрактарды жалдап жұмыс істеткен эксплуататор. Ет пен мақта жоспаларын орындаудан бас тартқан. 1931 тамыз айының 31 тамызында тергеу ісі үшін «ДомЗакқа» тоғытылған.

 

168 қор, 1-тізбе, 116-іс.1931. ақталмаған

 

 

Бахадыр АЙТАЙ, ОҚМПУ дің аға оқытушысы, т.ғ.к.

Саяси құғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі

Шымкент қаласындағы жұмыс тобының мүшесі

 

 

Пайдаланылған дереккөздер:

 

  1. Түркістан облыстық мемлекеттік архиві (ары қарай-ТОМА), № 505 қор – «Сайрам ауданы сотының материалдары»., 1-тізбе, 1 бума, 13-іс.1931 қаңтар – ақпан.
  2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 4-том.-Алматы: «Атамұра», 2010.-752 б., 411-б.
  3. ТОМА., 168 Қор. – «Сайрам аудандық прокуратурасының өндірістік бақылауындағы істер», 1- Тізбе, 3 бума, 76 іс. 46 парақ.
  4. ТОМА., 217 Қор. – «Оңтүстік Қазақстан облыстық сот материалдары» 1 тізім, 19 бума, 2 іс. 108-109 парақтар.
  5. ТОМА., № 958 Қор, Қор, 1 тізбе, 21-іс. 1931ж.

 

Фото: aa.com.tr

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.