Тарих

Айда атом бомбасын жармақ болған

0
(0)
СССР-дің жер орбитасына жасанды жер серігін ұшыруы АҚШ-тың қытығына тиді. АҚШ бұны жауапсыз қалдырмау керек деп шешті.
Осы орайда америкалықтар әр нәрсенің басын бір шалып келіп, айда атом бомбасын жарғанымыз дұрыс деп ұйғарыпты. Онысы, ай бетіндегі жарылыс пен саңырауқұлақты көріп, СССР билігінің зәресі ұшсын дегені. Бірақ, атом саңырауқұлағы атмосферасы бар һәм тығыз жерде ғана болатынын ескермеген. Айда ауа жоқтығынан АҚШ күткен эффект бәрібір болмайтын еді.
Бұл жоба сол күйі іске аспады. АҚШ СССР-ге басқаша жауап берді. Бірақ айда атом бомбасын жару туралы ұсыныс әлі күшін жойған жоқ. Ресми тоқтау салынбаған.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Дереккөз: Arqa Aqshamy

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button