Тарих

Мысыр халқына қалаулы болған қыпшақ Қалауын кім еді?

Сұлтан Қалауын 1290 жылдың 10 қазанында 68 жасында Каир қаласында қайтыс болады.

Мысыр мен Шам елінің қалың жұрты күңірене отырып, Ислам дінінің қылышын ұстаған Жеңімпаз Билеуші, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Сұлтан Қалауынды ақтық сапарға шығарып салды.

Қыпшақ мәмлүктері Сұлтан Қалауынның әмірімен 1283 жылы салдырған зәулім ғимараттың ішіне жерледі.

Кезінде Сұлтан Қалауын жан досы Сұлтан Бейбарыстың аманатын орындап, Қыпшақ мемлекетінің Билеушісі етіп Бейбарыстың үлкен ұлы Беркеханды, кейін ортаншы ұлы Саламышты таққа отырғызған еді.

Одан соң өзі де Мысыр мен Шам елін 11 жыл басқарды. Ұлы Даланың перзенттері Сұлтан Бейбарыс пен Сұлтан Қалауын басқарған 40 жыл ішінде Мысыр мен Шам елі өркениетті дамыған мемлекетке айналып, Еуропа елдерін артта қалдырды.

 

Қайрат Лама ШАРИФ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.