Тарих

Белгілі журналист: біздің «кәрі қырандардан» не хабар бар?

Әкім, депутат боп отқан біздің «кәрі қырандардан» не хабар бар?

Бердібек Сапарбаевтың туған күні деп жатыр. Осыған орай бір хикая айта кетейін.
1945 жылдың ақпаны. Әйгілі Ялта конференциясы. Рузвельт, Сталин, Черчилль үшеуі әлемді бөлісе алмай әлек. Үш титан бір біріне бой бермей, саяси сауда әбден қызған сәтте ағылшын премьерінің көмекшісі бұғып келіп, бастығының қолына тілдей қағаз ұстата қояды.
Черчилль бір көзін сығырайта қағаздағы қысқа жазуды оқиды да, аузынан түспейтін сигараға тигізіп жағып жібереді. Сосын қолына қалам алып, жауап жазады. Көмекші қағазға бір қарап, ұсақ-ұсақ қылып жыртып, қоқыс жәшігіне тастай салады.
Конференция бітіп, іштегі адамдар сыртқа шығысымен қауіпсіздік қызметкерлері қоқыс жәшігіне тұра ұмтылады. Жыртылған қағазды олай да, бұлай да құрап, ақыры «Уайымдама! Кәрі қыран ұясынан құламайды» деген жазуды оқиды.
Советтердің ең мықты деген дешифровщиктері күн-түн бас қатырып, жазылған сөздердің астарын түсіне алмайды.
«Сол жолы не жазып едіңіз» деген сауалдан Черчилльдің өзі мезі болса керек. Біраз жыл өткеннен кейін: «Конференция кезінде көмекшім шалбарымның түймелері тағылмай қалғанын көріп қалады. Бұл ыңғайсыз жайтты қағазға жазып, маған жеткізеді. Мен «Уайымда, кәрі қыран ұясынан құламайды» деп жауап жаздым. Сол ғана» деп жауап берген екен.
Айтпақшы әкім, депутат боп отқан біздің «кәрі қырандардан» не хабар бар? Тынышталып қалған сияқты ғой.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.