Тарих

Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды деп жазады newsroom.kz порталы.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан  Қыдырәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан
Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, алаштанушы Берік Әбділаниұлы, Мемлекеттік тарих институтының директорының орынбасары Еркін Әбіл, мемлекет және қоғам қайраткерлері Жабал Ерғалиев, Абай Тасболатов, Ержан Исакулов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы,  филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, ғылымизерттеу орталықтарының басшылары, танымал ғалымдар, ЖОО ұстаздары,сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен БАҚ жетекшілері қатысты.

Тағылымды іс-шараға қатысушылар алдыменНұрСұлтан  қаласындағы «Қараөткел» зиратына барып, осында жерленген Кенесары хансарбаздарының рухына тағзым етті.

Бұдан кейін алқалы жиын  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында жалғасты.

Келелі басқосу аясында Түркі академиясы әзірлеген «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасалды.

Жинаққа Кенесары хан мен оның қасындағы Наурызбай,  Саржан, Есенгелді батырлардың қаһармандығы мен ерлігі жырланған аңызәңгімелер, тарихи жырдастандардың таңдаулы үлгілері  іріктелеп топтастырылған. Аталған шығармаларда сайыпқыран Кенесарының тұңғиық ақылпарасаты, ханға лайық бекзат болмысы, қазақ жерін сыртқы дұшпандардан  қорғау  жолындағы  соғыстары, соңына ерген жаужүрек батырларынының  күрескерлік бейнесі  шынайы әрі көркем бейнеленген.

Айта кету керек ел арасында Кенесары ханның өмір жолын, жорықтары мен шайқастарын  суреттейтін  көптеген жырлар мен аңыздар сақталған. Олардың алғашқы нұсқалары  ХІХ ғасырдың  екінші жартысынан бастап хатқа түсіп, жариялана бастады. Халық жырының алғашқы нұсқасын көрнекті түрколог В.В. Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племе, живущих в Южной Сибири и Джунгарской  степи» деген іргелі еңбегінде «Кенесары өлеңі», «Кенесары жырының  бірнесше ауызы» деген атпен 1870 жылы жариялаған. «Хан Кене» жыры С.  Жантөрин мен Т. Сейдалин хатқа түсіріп, кейін орыс тіліне аударып «Записки Т. Сейдалин хатқа түсіріп,  кейін орыс тіліне аударып  «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» журналында1875 жылы жарияланған. Онан кейін Ж.Шайхисламұлының  жырлаған «КенесарыНаурызбай» жыры 1912  жылы «Қазан» баспасынан жеке кітап болып жарық көрді. Ал  Нысанбай  жыраудың Ж.Басығарин жазып алған нұсқасын Х. Досмұхаммедұлы Ташкентте 1923 жылы, кейін Н. Төреқұлов 1924 жылы Мәскеуде  жеке кітап қылып жариялаған.

Көпшілік назарына ұсынылған  «Кенесары хан»кітабын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкерлері Нұржұма Елесбай және Насихат Набиолла қолжазбадан оқып мәтінтанулық жұмыстар атқарып, құрастырып шығарды.

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.