Тарих

Құнанбайдың төрт ғибраты…

Кейін екі рет өлімнен қалады.

1-ғибрат.
Ұрпағың мықты болсын десең, өзің, шыққан тегің мықты болуың керек екен. Құнанбай осал адам болмаған.
Ал енді ұрпағына қараңызшы. Абай, Шәкәрім, Мағауия, Әбдірахман, Кәкітай, Тұрағұл, Ахат, Архам… Бәрі шетінен мықты. Кеңес үкіметі құртты ғой бәрін. Ұрпағымыздан мықты адамдар шықсын десек, өзімізді аямауымыз керек.
2-ғибрат.
Бала тәрбиесінде ананың ойнайтын рөлі өте маңызды екен. Құнанбайдың анасы Зерені алайық. Парасатты ана ұлының тәрбиесіне қатты мән берген. Тіпті өзі дәретсіз, омырауын жумай емізбеген.
Бәріміз бала тәрбиелеп жүрміз. Қайсымыз солай істейміз? Сосын Зере анамыз бетін қанша қайтарып тастаса да, Құнанбайға Кеңгірбай бидің батасын алып береді. Осы да біздей аналарға сабақ болуы керек. Аузы дуалы адамдардан балаларымызға бата, дұға сұрай жүруіміз қажет.
3-ғибрат.
Көпке пайдалы болу. Құнанбай көптің мұң-мұқтажын тыңдайтын, қолы ашық мырза, әділ адам болыпты. Кейін екі рет өлімнен қалады. Біріншісінде шешек шығады, екіншісінде жаудың найзасы кеудесіне қадалады. Екеуінде де халық Құдайдан жылап жүріп Құнанбайдың амандығын тілеп, алып қалады.
Тіпті алыстағы Құнанбайды көрмеген бір кедей оның ажал алдында жатқанын естіп, амандығы үшін құрбандыққа жалғыз сиырын сойып, жоқ-жітікке таратып беріпті. Одан себебін сұрағанда:
«Құнанбай мырза менің ешкімім де емес. Ол – халықтың адамы. Қазақтың қасиетті перзенті.
Мендей сіңірі шыққан жандардың талайына болысқан адал, қолы ашық, мырза деп естимін. Құнанбай тірі жүрсе, әлі талай жоқ-жітікке көмек қолын созар» деген екен.
Бұдан шығатын қорытынды, көпке пайдалы бола алсақ, біздің тілеуімізді тілейтін жанның да көп болатыны.
4-ғибрат.
Адал болу. Құнанбай немересі Шәкәрімге:
«Адал бол, Шәкәрім! Көпке жақпай, адал болмай, абырой-атақ алмайсың» деген екен.
Сосын өз өмірінен талай мысалдар айтады. Бұдан түйгенім, өмірде адал болсаң, екі дүниеде де абыройлы болады екенсің.
Марфуға ШАПИЯН.
Атадан қалған асыл сөз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.