Тарих

Ұлы күйші Құрманғазы милиция бөлімшесін қалай шошытты?

Ұлы күйші өзінің аруақты адам екенін осылай аңғартса керек…

Соның бірі – Құрманғазының мүрдесін қазуға байланысты. 1967 жылы атақты Герасимовтың шәкірті, антрополог Ноэль Шаяхметов Құрманғазының қабірін ашып, ел аузында айтылып жүрген аңызға сай, алдымен иесімен бірге көмілген атының басын және Құран кітабын табады. Шынында да, күйшінің қолдары екі тізесіне жететіндей ұзын болыпты және жон арқасында жалы бар екен.
Ел ішінде «Жалды Құрманғазы» аталуы осылайша расқа шыққан. Күйші Есір Айшуақұлы «Жалды қара» күйін осы Құрманғазыға арнаған. Ал Құрманғазының қазіргі бізге таныс портреті күйшінің бас сүйегіне қарап салынған. Ұлы күйшінің дене сүйектері Алматыға зерттелу үшін әкетіліп, шеберхана мен мұражайда біраз жылдар жатып қалады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ғана қайта жерлеу үшін күйші сүйегі Атыраудан Астраханның Алтынжарына қарай апарылады. Күздің жауын-шашыны кедергі болып, сүйекшілер жолда аялдап, күйші денесін аудандық милицияның арнаулы камерасына тапсырады. Өздері бір үйге қонаққа кетеді.
Бір уақытта камераның қоңырауы еш себепсіз қосылып кетіп, безілдеп қоймай жатқаны жайында жайсыз хабар түседі. Шошынған жұрт ас та төк жайылған дастарқанды тастай сап, милиция үйіне шауып келсе, безілдеген қоңырау үні басылмапты. Амалсыз мүрде жатқан оңаша бөлмені аштырады. Ешкім тимеген, құлып та, кілт те орнында. Камера қайта жабылып, есік қайыра құлыпталынады.
Бірер сағаттан кейін қонақта отырғандарға дабыл қаққыштың қайта қосылып кеткені жайында хабар түседі. Жұрт жылы орны мен енді ішкелі отырған ащы суларын тастай сап, қайта шауып барса, кезекші милиционердің екі көзі атыздай болып кетіпті. Дабыл қаққыш безілдеуін қояр емес. Мүрде жатқан есікті ашса, қоңырау үні сап тыйылады. «Бұл тегін емес, «тездетіп мәңгілік мекеніме жеткізіңдер» деп аруақтың мазасызданып жатқаны ғой» деген шешімге келген жұрт милиция бөлімшесінде таң атқанша көздерін ілмей, күйші сүйегін күзетіп шығады.
Содан сүйекшілер аруақты адамның денесін Ресейдің Астрахан облысындағы Алтынжардағы қабіріне аман-есен қойғаннан кейін ғана демдерін бір-ақ басыпты. Ұлы күйші өзінің аруақты адам екенін осылай аңғартса керек……………….

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.