Тарих

Жүсіпбек Аймауыт қалай дәл айтқан: қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай

4.2
(47)

1931 ж. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылар алдында қасқайып,  бас имеген Жүсіпбек Аймауыт: «өз зиялыларына қырғидай тиген өкіметтен ешуақытта кешірім сұрамаймын» – деген екен…

Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Qazaq Eli тобы жазды.

Жүсіпбек заманының аса дарынды адамы болған, оның эстетикалық, көркемдік көзқарастары қоғам белсенділігі мен ішкі қарама-қарсы күрестің нәтижесінде қалыптасқан тұғын.

Жүсіпбек Аймауыт 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келген. Жазушы, ақын, аудармашы, ұстаз-ғалым Жүсіпбек Аймауыт ұлттың рухани потенциалына зор үлес қосқан адам. Оның дарындылығы халық көзіне бірден түскен еді. Сонымен бірге, ағамыз актер әрі сазгер, режиссер болған екен.

 «Ұраным – Алаш» кітабында тізілген Жүсіпбекке тағылған айыптар:

«1. Кеңес өкiметiн құлату үшiн 1921-1922 жылдары Орынбор мен Ташкентте астыртын контрреволюциялық ұйым құрған.

  1. Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына қатысқан, әскери жасақ құруға ұмтылған, сөйтіп, қарулы көтеріліс арқылы Қазақстанды Ресейдің құрамынан бөліп әкетпек болған.
  2. Аштарға көмек комиссиясын кеңес өкіметін құлату туралы үгіт жүргізуге пайдаланған.
  3. Байларды тәркілеуге қарсы үгіт жүргізіп, оларды қарулы көтеріліс жасауға бағыттаған.
  4. Англиямен астыртын байланысып, ағылшын әскерi Қазақстанға басып кiре қалған жағдайда, қырда көтерiлiс ұйымдастыруды жоспарлаған.
  5. Қазақ Өлкелiк комитетiнiң хатшысы Голощекин жолдасқа қастандық жасап, атып өлтiрмек болған деген айып тағылды».

Назарларыңызға Жүсіпбек ағамыздың сол заманда ақ болашақты болжағандай айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз:

Орысша білім алған мамандардың басым көпшілігі қазақ үшін қызмет етпейді екен-ау деген қорытындыға келдім.

———

Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия,Түркиялар, олардың баласы жасынан “ұлтым” деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері.

———

«Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай- шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын»…………….

 

(с) Жүсіпбек АЙМАУЫТ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 47

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button