Тарих

Ақымақ тойынса, туысын танымас

1331 жылы Сұлтан ан-Насыр Мұхаммед жанұясымен Меккеге қажылық жасап, Мысырға Сауд Арабиясының Хижаз жерінен қайтып бара жатқанда екіқабат әйелін толғақ қысып, босанады.
Қажылар Сұлтан ан-Насырдан «қажы мырзамыз» дүниеге келді деп сүйінші сұрайды. Сұлтан ан-Насыр жаңа туған нәрестесін Дініміздің сәні болсын деп, Зеин ад-Дин Қажы деп азан шақырып ат қояды.
1346 жылы Сұлтан Зеин ад-Дин Қажы Мысыр мен Шам елінің 20-шы Билеушісі болып аталады. Ол билік басында бір жыл үш ай ғана болады. Тағы да қыпшақ мәмлүктері арасында жанжал басталады. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» деп Бейімбет Майлин айтқандай, текетірес әл-Камил Шағбаннан қалған байлықты бөлісуден басталды.
1335 жылы Парсы жеріндегі Елхан мемлекеті ыдырап кеткеннен кейін Қытайда туып-өскен моңғол Арғоншаһ мәмлүктер жағына өтіп, Сұлтан ан-Насырдың жауынгері болады. Кейін ол Әмір Сейфуддин Ақбұғаның қызына үйленеді. Мансап құмар Әмір Арғоншаһ Сұлтан Зеин ад-Дин Қажы тұсында тарихи Палестинаның Сафед қаласының бастығы, одан кейін бірнеше айдай Алеппоның қала басшысы, сосын Шам елі өкілінің орынбасарына дейін өседі. Дегенмен, ол ағайындар арасына от салып, бір-біріне айдап салатын арандатушы еді. Қыпшақ мәмлүктері арасында дауға май құя отырып, бір-біріне шағыстырады. Моңғол Арғоншоһ Сұлтан ан-Насырдың ұлдарына әл-Камил Шағбанның байлықтарын Триполи қаласының басшысы Сейфуддин Олжайбұға тығып отыр деп жалған ақпарат таратады. Моңғол Арғоншоһтың өтірігі ашылғаннан кейін қыпшақтар оны пышақтап тастайды. «Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке артыңнан қуып жетеді» деген осы болады.
Бір қызығы, кептер ұстауға бала кезден құмар он бес жасар Сұлтан Зеин ад-Дин Қажы ызақор, ашуланшақ, шырт етпе мінезді бозжігіт болып шықты. Мәмлүктер қарсы сөз айтқан үшін «сендердің барлығының бастарыңды кесіп аламын деп», олардың көздерінше кептерлердің бастарын қолымен жұлып тастайды. Қыпшақ мәмлүктері тентектігін қоймаған, билікті жүргізе алмаған Сұлтан Зеин ад-Дин Қажыны тақтан тайдырады. 1347 жылдың 16 желтоқсанда төбелес кезінде жұдырыққа тоймайтын Зеин ад-Дин Қажы жекпе-жекте қаза табады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.