Сұхбат

Тоқаев екі мерзімнен артық президент болмайтынын мәлімдеді

Мен қанша уақыт Қазақстанның президенті болып отыратынымды білмеймін. Алайда, нақты білетінім – Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық президент болмаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды екі сайлау мерзімінен артық басқармайтынын айтты. Бұл туралы ол «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды  Newsroom.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап

Тоқаев өзінің қандай президент болғанын тарих көрсетеді дей келе, қазіргі міндеті бүкіл қоғамды трансформациялаудан тек оң нәтиже шығару екеніне назар аударды.

«Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауымда саясат пен экономика қатар жүретінін айтқанмын. Біздің қазіргі тарихы шындығымызға қарап, алдымен экономиканы дамытамыз, кейін саясатқа көңіл бөлеміз деу – жарамайды. Көріп отырғанымыздай, экономикалық түлеуде саясат зор рөл атқарады», – деді Тоқаев сұхбатында. 

Бұдан кейін ол президент болып отырғанда саясат пен экономиканы трансформациялауға уақыты жете ме, жоқ па білмейтінін, бірақ бір анығы – президенттік уәкілеттілігін ұзарту үшін заңдарға өзгеріс енгізбейтінін меңзеді.

«Мен қанша уақыт Қазақстанның президенті болып отыратынымды білмеймін. Алайда, нақты білетінім – Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық президент болмаймын. Яғни, ешқандай заңды, оның үсіне, Конституцияны өзгертпеймін», – деді Президент.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.