Сұхбат

Қатерлі ісікті жеңіп, Америкада миллионер атанған жетісайлық жігіт кім?

4
(99)

Жетісайдан шыққан Талғат Белессов атты азамат 20-дан асқан шағында АҚШ-қа аттанып, талмай еңбектенудің арқасында 10 жылда долларлы миллионер атанған. Өзінің өмір және еңбек жолы туралы кәсіпкер «Төртеу түгел болса» Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берген.

Талғат қазір Вирджиния штатында тұрады. Moving (үйлер мен кеңселерді көшіру қызметі), жылжымайтын мүлік саласында кәсібі бар. Кейінгі жылдары инвестициямен айналысып жүр. Жақында Қазақстанға келіп туризм саласында ірі жобаны қолға алмақ.

«17 жасымда Алматыға университетке түстім. Бірінші курстан соң оқудан шығып кеттім. Жұмыс істеп, қайта оқимын деп ойладым. Мұнай саласында білім алдым, группаластарым жағдайы жақсы отбасылардан болды. Мен күнде кітапханадан шықпайтынмын. Ол кісілер сессия біткенде келіп кететін. Ешкімге ренішім болған жоқ. Бірақ оқу бітірудің сондай да жолы бар екенін білдім. Оқудан шығып, Атырауға барып жұмыс істедім», – дейді ол өзі туралы.

Атырауда жұмысты практикант болып бастап, бір компанияда директордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейін Астана түрлі әртүрлі жұмыс істеп, тіл үйренуге АҚШ-қа аттанып кеткен.

«Америка мұхит сияқты, жүзе алмасаң батып кетесің, мен барлық салада нөлден бастап үйренгендіктен маған онша қиын болған жоқ. Ол жерден кәсіп ашуға потенциалды көрдім. Бірнәрсе үйренбей қайтпаймын деген мақсат қойдым. Үш айда тіл үйрене алмайсың. Бұл жерде тіл де емес, адамға керек ойлау қабілеті қаншалықты маңызды екенін білдім. Олардың ойлау жүйесін үйреніп алуым керек болды. Ол жақта төрт айдан кейін өз бизнесімді бастадым. Мен АҚШ-та да магистратураны 1 курстан соң тастап кеттім. Алайда өзімді дамытуға төрт магистратураның ақшасын жұмсадым. Бизнес-тренер Тони Роббинспен де жеке кездесіп ақылын алдым», – деп бөлісті ойын ол.

Кәсіпкердің ойынша, адамда ойлау еркіндігі, ешқандай жұмыстан комплекс болмаса, «жұрт не айтады» деген ойдан арылса қай елде де жетістікке жетуге болады.

Талғат Белесов кәсіптегі алғашқы жылдарында тәулігіне 20 сағат жұмыс істегенін, соның салдарынан рак ауруына шалдығып, емделгенін де атап өтті.

«Ауруханаға түсіп, диагнозың рак дегенде, өзімді, кәсібімді паузаға қойып, жұмысымды тоқтатып, ойландым. Операциям жақсы өтті. Одан кейін өмір салтым түгел өзгерді. Біз көп уайымдайды екенбіз. Уайымдайтын ешнәрсе- жоқ екен», – деп айтты ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 99

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button