Сұхбат

Бекболат Тілеухан мені тағы қарғады – Тоқтар Жақаш

4.1
(53)

«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің бірі, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан тағы да қарғысымен ел назарына ілікті. Бұл жолы оның кезекті қарғысына ұшыраған – журналист Тоқтар Жақаш. Депутат «маған журналист жала жапты» деп, әлеуметтік желіде аямай қарғап-сілеген. Аяғына жығылып кешірім сұрамаса, ешқашан кешпейтінін де айтқан.

Бұл оқиғаның мән-жайын білу үшін журналист Тоқтар Жақашқа хабарластық.

– Сізді не үшін қарғады? Ашып айтып бере аласыз ба?

– Мұхамеджан Тазабектің инстаграм парақшасының астына Тұрсынай деген бір әйел мынадай пікір жазыпты:

«Мен М.Тазабекті жақсы білемін. Бұлардың сырттары ғана жылтыр. Сіңлім екеуміз Астанада Бекболат Тілеуханның үйінде үй қызметшісі болып жұмыс істедік. Кенже деген әйелі бар. Бір ай жұмыс істеп, еңбек ақымызды ала алмадық. Астанадан жылап-еңіреп қайттық. Жолыма ақшаны әрең берді».

Мен сол түсініктемені скриншот жасап, фейсбукқа салдым. «Кісі ақысын жеудің үкімі қандай? Миллион жалақы алып отырған депутат сөйте ме екен?» деп пікір жаздым. Ол менің жекеме қарғыстарын жазып жіберіпті. «Қарғысың қара басыңа көрінсін» деп жауап қайтардым.

– «Нұр Отанға» арызданғалы отырсыз ба?

– Жоқ, мен пост арқылы жеткіздім. «Нұр Отан» бәрін көріп отыр емес пе? Бекболаттың қарғыс айтып жүргені бір бұл емес. Алдында да біреуді осылай қарғаған. Шығарса, сол кезде-ақ шығарар еді. Мен шын ниетіммен айтып отырмын. Мұндай депутат бізге мүлде лайық емес. Парламент мінберінде әп-әдемі болып отырады да, былай шыға бере, бетіне келгендерді қарғай жөнеледі. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, адам бостан-босқа қарғамайды ғой? «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Қарғыс миына толып қалған.

Негізі, ақидалары сондай. Тек Бекболат қана емес, Мұхамеджанның да қарғыс тізімі бар. Оны «Асыларнада» жұмыс істеп жүрген кезде білетінмін. Олар қарғыс тізімін кіші қажылыққа апарып, Аллаға тапсырып қарғайды.

– Дәлеліңіз бар ма, бұған?

– Мен олармен бір жылдай жұмыс істедім. Шет жағасын білемін. Мұхамеджанмен менің арамда дау туғаны рас. Олар бір кісінің жалақысын төлемей қойды. Ол адамды жұмысқа мен әкелген едім. Мен кеткен соң, 80 мың теңге айлығын бермеген. 9 ай жұмыс істетіп, 40 мыңнан ғана төлеген. Сол кезде «мені ұятты қылдыңдар, кісі ақысын жемей, төлеңдер» деп талап еттім. Сонда олар: «Аға, қойыңыз. Мұхамеджан кіші қажылыққа кетіп барады. Қарғайтын адамдарының тізімі бар. Соған ілігіп кетесіз», – деп ескертті. Сосын қоя салдым.

Қарғыс деген бұларға ойыншық нәрсе сияқты. Алла Тағаланың бұлардан басқа шаруасы жоқтай, құдды. Бұлар «қарғаса, қарғысын тигізіп», «қайтып алдым десе, қайтарып» ерігіп отырған секілді көрсетеді. Бұлардікі – діни алаяқтық, елді қорқытып үркіту.

– Бекболатты күстаналаған бір бейнежазба жүрді. Соны да сіз желілерге жариялаған едіңіз. Депутатпен жеке бас араздығыңыз жоқ па?

– Бас араздығымыз жоқ. Бекболаттың екі видеосын салдым. Біреуі – қарғау, екіншісі – қару сатты деген әңгіме.

– Сонда бұл мәселеге журналист ретінде ғана пікір білдіріп жүрмін демексіз бе?

– Ия, бірақ тек журналист қана емес, азамат ретінде пікір білдіріп жүрмін. Мұхамеджанның ұлттық арнаға шыққаны зығырданыңды қайнатады. Бұлардың бәрі секталар ғой. Біздің елде қаншама секта бар, онда солардың бәріне ұлттық арнадан бағдарлама ашып берсін. Бәріне бір-бір телеарна ашып берейік. Бір сектаға басымдық беру – дұрыс емес, демократияға қайшы нәрсе.

nege.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 53

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close