Сұхбат

600 жылдықта 6 оқушыға шәкіртақы тағайындалды

5
(2)

Қазтуған Сүйінішұлының туғанына 600 жыл толуына орай елімізде «бабалар аманаты» атты республикалық жоба өтті. Бұл жоба туралы бірі білсе, бірі біле бермес. Осы ретті Nesroom+ақпарат агенттігінің тілшісі «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының төрағасы Сайлаухан Абылай Беркінұлымен сұқбаттасқан болатын. 

Newsroom: Қазтуған Сүйінішұлының 600 жылдық мерейтойына орай «БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты республикалық жоба өтті. Жобаның жалпы мақсаты не? Кімдер қатысты?

Абылай САЙЛАУХАН: «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген бұл жобаның негізгі мақсаты туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін аңсап өткен, батырлық пен шешендіктің айнымас үлгісі болған, жыраулар мектебінің негізін салушы бабаларымыздың асыл мұрасын бүгінгі мектеп оқушыларына кең көлемде насихаттау. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің енгізген қашықтан оқыту жүйесінің талаптарын сақтай отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу. Жобаға республикамыздың әр өңіріндегі дарынды шәкірттеріміз қатысты.

Newsroom: Жобаның ережесі жайлы айта кетсеңіз?

Абылай САЙЛАУХАН: Ережеге сәйкес, бір дәуірдің өкілдері болған Қазтуған Сүйінішұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы және Доспамбет жыраудың толғауларының ішінен біреуін таңдап, жатқа оқиды және оны видеоға түсіріп, бізге жолдайды. Біздің тарапымыздан тағайындалған арнайы кәсіби мамандар шәкірттердің жыр оқуын көріп, оларға өздерінің бағасын беріп шықты. Ал екінші кезең бойынша қатысушыларымызға инстаграм парақшада көрермендер өз бағасын берді. Осы орайда ерекше айта кететін бір мәселе, бізде мектеп қабырғасындағы оқушылар жыр оқудың үлгісін жақсы біле бермейді. Яғни, поэзия оқу мен жыр оқыдың, болмаса толғау оқудың айырмашылығын ажырата алмай жатады. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында нағыз жыр оқудың үлгісін көрсетіп, арнайы видеоролик ұсынғанды жөн көрдік. Бұл тұрғыдан оқушыларға жыр оқудың озық үлгісін көрсетіп, жобаға қолдау білдірген Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда, Әсет Иманғали сынды актер ағалармызға алғыс айтамыз.

Newsroom: Жоба қанша уақытты қамтыды және жүлделер жайлы толық айта кетсеңіз?

Абылай САЙЛАУХАН: «БАБАЛАР АМАНАТЫ» республикалық жобасы екі айға созылды. Яғни, қазан және қараша айларында жүргізілді.

Ал, марапаттауға келетін болсақ, жобаға қатысқан әрбір шәкірттің сағын сындырмай, керісінше, келесі жарысқа шабыттана қатысатындай мүмкіндік жасауға бар күшімізді салдық. Сонымен қатар  шәкіртер өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай жарысты. Нәтижесінде алты оқушыға бір оқу жылына арналған (бас жүлде: айына он мың теңге, І орын: айына бес мың теңге) шәкіртақы тағайындалса, үш оқушыға ұялы телефон, үш оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарымен жабдықталған сөмке табысталды. Бұл арқылы біз шәкірттеріміздің шығармашылыққа деген құлшынысын арттырып, өзінің өнері мен еңбегі арқылы көп дүниеге қол жеткізуге болатындығын ұғындырғымыз келді.

Сұқбатыңызға рақмет!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close