Сұхбат

Бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттар теледебатқа шығады

11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.

Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд – «Сайлаушылардың сұрақтары». 10 қарашаға дейін «Хабар» агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.