Сұхбат

Эксклюзив: шетелдегі қандастар праймериз туралы пікір білдірді

3
(4)

Елімізде 17 тамыздан бастап партияішілік праймериз басталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастама алдындағы үндеуінде: «Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның «қайта жаңғыруының» нәтижесі болады»,- деді. Праймеризге қатысуға еліміздің әр өңірінен 11 мың адам өтініш қалдырған.

Праймериз сөзін бұрын-соңды естімедік. Бұл жаңа форматтағы жаңашаландыру әдісі. Қиырдағы қазақ азаматтары праймериз туралы не ойлайды? Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі Ташкент қаласында тұратын қандасымыз Айжан Таджибаевамен сұқбат жүргізді.

Соңғы рет Қазақстанға қашан келдіңіз? Өзбекстандағы Қазақстан елшілігімен байланысып тұрасыз ба?

2018 жылы Алматы қаласына ән конкурсына барғанмын. Өзім де, ата-бабам да Ташкент қаласында туып өскенбіз. Бірақ өз Отанымызды ешқашан ұмытпадық.

Тәнім осында болғанымен, жүрегім Қазақстан деп соғады.

Елге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Композитормын. Сағынышымды әнмен басамын. Репертуарымда «Өзбек-Қазақ бір тұтас» әні бар.

«Бұл дүниеде халық көп болғанымен,сенің орның қазағым басқа бірақ…»

Қазақстан елшілігімен тығыз байланыстамыз. Ұлттық аспабымызды дәріптеп, домбырашы шәкірттерді тәрбиелеп жүрмін. Елшілік өздері ұйымдастыратын әр жиынға құрметті қонақ ретінде шақырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда партияішілік праймериз өтуде. Ел жаңалықтарынан хабардарсыз ба?

Otau-tv арқылы Қазақстан арналарын үзбей көріп отырамын. Праймериз – көшбасшыларды іріктеу, жаңа адамдарды таңдау деген мағына. Билікке жаңа адам, жаңа қадам, жаңа ой керек. Праймериз жүйені өзгертеді деп ойлаймын.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 11 мың адам праймеризге өтініш берді. Кандидаттардың 72 % – өзін өзі ұсынушылар, қалғаны халықтың қолдауы арқылы үміткер атанды.

Кандидаттар арасында блогерлер, вайнерлер, қоғам белсенділері бар. Ең жас үміткер 19 жаста.

Билік басына, депутаттыққа әзілкеш жандардың келгенін құптамаймын. Көш бастаушы азаматтар терең ойлы, жан-жақты, қабілетті, білімді болу керек. Көпті көрген, қоғаммен байланыс жасай алатын жандардың жасы да өте маңызды. Ақыл тоқтатқан, адал жұмыс істейтін адамдар қатары көп болғаны дұрыс.

Халық санағының жартысынан көбі әйел азаматтар. Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әйел адамдарға әлеуметтік лифт жасап, оларға жол беру керектігін айтты. Праймеризге қатысушылардың 34% әйел адамдар құрайды.  

Ел тізгінін ер адам ұстағаны дұрыс. Ол қазақы қанымызда бар нәрсе. Әрине, ел басқаратын ер адамға артылатын міндетте көп. Ең маңыздысы, көргені мол, түйгені зор, көзі ашық, халықпен жұмыс жасай алу керек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында: «Біз халық үніне құлақ асатын мемлекетпіз», деді. Праймериздің де басты мақсаты – халықтың қалауын жеткізуші адамдардың жаңа командасын құру. 

Праймеризге қатысушы барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін. Қазақстанымның көркеюіне шын ниетімен үлес қоса алатын адамдар жеңсін. Әр кандидат әділ сайлануы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық игілігігі үшін жасап жатқан барлық игі істеріне алғыс айтамын. Президентіміздің жүргізіп жатқан салиқалы бастамасын қолдаймын. Оралман сөзіне «қандас» атауын бергеніне қатты қуандық.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда басталған праймериздің екінші кезеңінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. 3 қазанда мобильді қосымшалар арқылы электронды дауыс беру жұмыстары жүзеге асады. Қатысушылардың көбі 30-44 жас аралығында. Ең жас үміткер 19 жаста болса, ең үлкені 83 жаста.

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

20 Comments

  1. Елде атқарылатын үлкен реформалар, терең реформалар, құрамдық өзгерістердің барлығы сайлау өткеннен кейін, нақты үкіметтің құрамы анықталғаннан кейін, әкімдер корпусы жаңартылғаннан кейін болатын нәрсе, біз осыны түсіне білуіміз керек

  2. Кез келген тарихты білесіздер, саясатты өзгертудің екі түрі бар, бірі рволюция, екіншісі эволюция. Революцияны көріп тұрмыз, Украина, Қырғыстан бар. Қырғыстанда революция болғанға дейін достарым, әріптестерім айтатын, революция болса екен, тезірек билік өзгерсе екен деп армандап жүрген едік, революция басталған кезде сол революция құрып кетсін деп жамандадық. Өйткені артында көптеген қиындықтар бар екен.

  3. Бәсекелестік негізінде тек лидерлерді ғана емес сонымен қатар, эксперттерді де табу керек, бізге барлық деңгейдегі тиімді, кәсіби мөлдір депутаттық корпустар керек

  4. Егер, реформалар тек жоғарыдан төменге түсетін болса, көріп отырмыз талай елдердегі кейбір әдемі реформалар жоққа шығып отыр. Қалай болғанда да бұл екі жақты үдеріс билік жағынанда халық жағынанда осындай екіжақты мүдделестік пайда болу керек. Праймериз осы мүдделестікті қамтамасыз етудің жолы деп ұққанымыз дұрыс.

  5. Бізде елдің дамуы қалай болу керек дегенде үлкен мүдделі мәселеде үлкен консенсус таныта білсек, онда осы реформалардың Праймериздің болашағы болады деп айтуға болады.

  6. Праймериз арқылы креативті, заманауи ойлайтын белсенді жастарды тарта білсек, партиямызға ел тарапынан мол сенім артылады, ертеңгі күні алпауыт күш болуға жол ашылады. Бұған ешқандай күмәнім жоқ.

  7. Праймериз жастардың саясатқа белсене қатысуына үлкен мүмкіндік береді. Мәслихатта қоғам белсенділерімен бірлесіп, мәселе шешуге мүмкіндік туады. Бұрынғы жүйеде ағаларымыз қалыптасқан жағдайда жұмыс істеуге үйреніп қалған еді. Ендігі кезекте мәслихатта жастар көп болса, қоғамдық мәселелерді оң шешуге ықпал етеміз.

  8. Қазақстанның партия тарихында тұңғыш рет праймериз жүзеге аспақ. Бұл еліміз үшін айрықша оқиға. Праймериз арқылы халықтың шынайы ықыласына бөленген, беделі мен сөзінің салмағы бар азаматтар келеді деп сенемін.

  9. Праймеризге іріктеу барысында жұмысын тиянақты істейтін жастар көптеп келсе, партия үшін жақсы болар еді. Қазіргі жастар алға ұмтылады, прогрессивті ойлайды. Сондықтан бұл бастама Қазақстан дамуы үшін өте маңызды.

  10. Жастарды праймериз арқылы саясатқа тартпасақ, жастар әр түрлі радикалды діни ағымдардың да жетегінде кету қаупі бар. Бұл бастама көптеген қауіп-қатерлердің алдын алады.

  11. Халық арасында үкімет, партия және халық үштігінің әрқайсысы өзінше жеке әлемде өмір сүреді деген пікір қалыптасқан. Партияның атқарған жұмысы туралы айтсаң кейбіреулер «Менің ешқандай қатысым жоқ, мен оларды, олар мені білмейді» деген пікір айтады. Сондықтан дәл қазіргі уақытта бізге осы тенденциядан құтылу қажет. Ол үшін партия қатарында халықтан шыққан адам болуы керек.

  12. Праймеризге тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де қатысқаны дұрыс. Өйткені ұрпақтар сабақтастығы болмаса, ешқандай шаруа шешілмейді. Праймеризді пайдалана отырып, азаматтық көзқарасы айқын, өтірік сөйлемейтін, таза жүретін ел ағаларынан үлгі ала отырып, үлкен ұлттық рухани армия жасақтауымыз керек. Сонда ғана мәселе шешіледі.

  13. Азат ойлы жастарға праймеризде мүмкіндік берген дұрыс. Елдің ертеңі – жастарға сенім артамыз. Ал жасы келген тәжірибелі мамандар жастарға жол көрсетіп, келешек ұрпаққа жөн сілтеуі тиіс.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close