Сұхбат

Sabaq.online білім беру платформасы Қазақстан бойынша серіктестер іздейді

4.5
(12)

Әлемде болып жатқан пандемия кез келген шағын және орта кәсіпті онлайн форматта жұмыс істеуге үйретіп жатыр. Дамыған технологияның да көздегені осы еді. Ал бұл Қазақстанға қалай әсер етті? Елдегі кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Осы сұрақтарға жауап алу үшін Newsroom редакциясы Қазақстан бойынша серіктес іздей бастаған Sabaq.online білім беру платформасының негізін қалаушы Бөгенбай Таласұлымен сұқбаттасқан болатын.

Sabaq.online туралы БАҚ беттерінен және осы білім саласында жүрген қызметкерлерден ести бастадық. Жоба туралы танысып та шықтық. Неге серіктес іздеп жатсыздар? Бұл кімге пайда әкеледі?

Бөгенбай Таласұлы: Біз бұл жобаға үлкен күш салдық. Күштен бөлек қаражаттың да кеткені жасырын емес. Жалпы өте жақсы дүние шықты деп айтуға болады. Үздік ұстаздар, тиімді баға, кез келген уақытта қолжетімді.
Қазақстан бойынша бір уақытта жұмыс жасап даму үшін бізге аймақтық серіктестер керек. Ал біз өз кезегінде ол серіктестерімізбен пайданы бөлісіп отыратын боламыз. Білім саласында кәсіп жасағысы келетін адам үшін бұл керемет ұсыныс. Себебі жақсы өнімді ұсынып оқушыларға пайда табуға болады.

Серіктестерге не ұсына аласыздар? Нақты айтып берсеңіз.

Бөгенбай Таласұлы: Жалпы серіктестерімізге дайын платформадан жеке кабинет ұсынатын боламыз. Ол жерден олар қай оқушы қай уақытта тіркелді, қай мектепте оқиды немесе қай курстың қай сабағына келгенін бағамдай алады. Оқушыға қаншалықты тиімді екенін анықтап сараптап отыруға болады.
Жұмыс жасауға керек маркетингтік құралдар мен дизайнерлік шешімдер, жарнамалық ақпараттар мен баннерлер беретін боламыз.
Одан бөлек серіктеспен жұмыс жалпы өте жүйелі түрде ұйымдастырылған деп айтуға болды. Себебі оқыту материалдары және серіктестік регламенді өз алдына 45 беттен тұратын кітап болып шықты. Сол себебті егжей тегжейлі дайындық жасалды. Жалпы Серіктестің жақсы табыс тапқаны бізге де жақсы. Себебі біріншіден, көп адам қолданып платформаның пайдаға асып жатқанын көрсетеді, екіншіден, олар табыс тапса бізде табыс табатын боламыз.

Қазір интернетте алаяқтар толып жүр. Кез келген онлайн кәсіпке бізде сенім аз. Серіктесті қалай сендіресіз?

Бөгенбай Таласұлы: Енді бұл уақыт өткен сайын азаятын дүние екені белгілі. Жақында ғана үлкен киім брендтерінің оффлайн дүкендерді жауып толығымен онлайнға көшетіні және сол бағытты дамытуға үлкен қаражат жұмсап отырғаны айтылған болатын. Сол себепті онлайн білім беруді біз ойлап тапқан жоқпыз, бұл заман талабы. Көзі ашық көкірегі ояу әр азамат бұны түсінетіні анық, серіктестерде сол қатардағы адамдардан болса екен деген ниетіміз бар.

Әр облыс не қала бойынша серіктес іздейсіздер ме әлде жаппай ниет білдіргендермен жұмыс істеуге дайынсыздар ма? Нақтылап берсеңіз.

Бөгенбай Таласұлы: Жобаның тікелей дамуына серіктестердің беретін серпілісі бөлек. Егер бір аймақты тек бір адамға беретін болсақ онда жағдай қиын болуы мүмкін. Мысалы, ШҚО да 500-ден аса мектеп бар. Ол мектептердің барлығымен эффективті түрде жұмыс жасау бір серіктес үшін өте қиын және жобаның дамуына тежеу беретіні анық.
Егер 300-ге жуық оқушы оқитын болса, соның өзінде серіктесіміз шамамен бір миллионнан аса қаражат таба алады. Сол себепті Қазақстанның барлық өңірінен барынша шашыранды түрде табуға тырысамыз. Бірақ бір қаладан 10 серіктес қойып таластыру да ойда жоқ. Барлығы жоба және серіктестерге ыңғайлы болуын қадағалап отыратын боламыз.

Серіктестер алты айдың ішінде табыс таба алмаса, салған қаржыларын қайтарып береміз деген кепіл беріп отыр екенсіздер. Осы туралы ашып айтсаңыз?

Бөгенбай Таласұлы: Жоғарыда айтқандай бізге серіктестердің жұмысты жүргізе алғаны өте маңызды. Сондықтан егер серіктес 6 айдың ішінде салған қаражатын шығара алмаса, біз алғашқы паушалды төлемді толығымен қайтаруға дайынбыз. Себебі ол кісінің орнына басқа адам келіп жобаны алға жылжытып табыс тапқаны дұрыс.

Sabaq.online білім платформасында болашақ бар ма?

Бөгенбай Таласұлы: Жалпы оны уақыт көрсетеді, қазіргі уақытта 5 жылдық жоспарымыз бар. Нарықтың өзі өте үлкен және өсіп келеді деп айтуға болады. Біздің ұстанған бағытымызда өте тиімді әрі сапалы өнімді оқушыларға жеткіземіз. Сондыққтан кемеміздің бағыты мен жоспары жазылған, желіміз оңынан еседі деп үміттенеміз.

Сұқбатыңызға рақмет!

Серіктес болғысы келетін жандар үшін байланыс мәліметтері
+7 (747) 553-53-96 SERIKBAIBT@GMAIL.COM

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close