Спорт/Шоу-Биз

Танымал актер көз жұмды

0
(0)

Танымал актер және режиссер Риши Капур 68 жасында қайтыс болды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап.

Риши Капур танымал жұлдыз, актер Радж Капурдың ұлы. Ол Капурлар әулетінің атадан балаға өткен мұрасы, үнді киноиндустриясын дамытуға өзіндік үлесін қосқан.

Риши Капур көптеген фильмдерге түскен. Оның атын дүниежүзіне шығарған «Бобби» фильмі болатын. 70 жылдары жарық көрген бұл киноны бүкіл КСРО және әлем халқының сүйікті киноларының біріне айналды.
Сондай-ақ Риши режиссер және продюсер ретінде де өз елінде танымалдыққа ие болды. Актер өмірінің соңғы жылдарын қатерлі ісік ауруымен күрескен болатын. Соның салдарынан бірнеше рет ауруханаға түскен.
Актердің қайтыс болуына байланысты Боливуд жұлдыздары мен үнді саясаткерлері көңіл айтты.

«Бұл үнді кионасы үшін қайғылы апта болды. Тағы бір аңыз адам, актер Риши Капур дүниеден өтті. Бірнеше ұрпақтар жалғасынан жанкүйерлері бар керемет актерды бәрі сағынатын болады», – деп жазды Үндістан парламентінің мүшесі, «Үнді ұлттық конгресі» партиясының басшысы Рахул Ганди.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close