Спорт/Шоу-Биз

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы ойыншысы үздік атанды

0
(0)

«Лори» армян футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өз командасының үздік ойыншысы атанды. Мәселен, мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» – «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Рудосельский алаңда 81 минут болған. Осы уақыт ішінде қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен.

Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды. Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы:

 

  1. Тимур Рудосельский – 244;

 

  1. Джими Алексис – 240;

 

  1. Нана Антши – 233;

 

  1. Арам Кочарян – 229;

 

  1. Павел Осипов – 208. Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button