Спорт/Шоу-Биз

Марадонаның өліміне дәрігерінің қандай қатысы бар?

5
(1)

Футбол тарихында үлкен атақ пен абыройға ие болған Диего Марадонаның қайтыс болғаны туралы суық хабарды әлем жарыса жазған еді. Соңғы демі қалғанша қасында болған дәрігері Луке оны жылап еске алып, пресс-конференция ұйымдастырып, қолынан келгенін жасағанын да жаһанға жария қылған. Алайда Аргентина билігі Леопольдо Лукенің көңіліне де, көз жасына да қарамайтын секілді.

Аргентина билігі Марадонаның дәрігері Лукеге байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Олардың айтуынша, ол дәрігердің салғырттығынан қайтыс болған. Тіпті сол елдің Todo Noticias телеарнасы дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Бұл әзірге ресми ақпарат емес.

Аргентина прокуратурасы дәрігердің үйіне және жеке емханасына тінту жұмыстарын жүргізіп, дәлел болатын құжаттары мен заттарды жинауға кіріскен.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Марадонаның қызы әкесі қайтыс болар алдында қандай дәрілерді пайдаланғаны туралы ақпаратты талап еткен.

«Марадона қайтыс болған күні мен сонда бардым. Ол жерде маған дейін прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатты. Мен олармен сөйлесуге дайын болдым», – дейді дәрігер.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button