Спорт/Шоу-Биз

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады

0
(0)

Оның нақты мерзімі мен өтетін орны оған қатысуға ниет білдірген командалар өтінішіне сай қарастырылады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады. Бұл шешім Қазақстан хоккей федерациясының клуб басшыларымен өткен онлайн-жиналысында кеңінен талқыланды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Федерация еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан біріншілігін өткізудің өзге де жолдарын қарстырып отыр. Қазір оның үш жобасы жасалған.

Қазақстан кубогы 2020 жылдың желтоқсан айында өткізіледі деп жоспарлануда. Оның нақты мерзімі мен өтетін орны оған қатысуға ниет білдірген командалар өтінішіне сай қарастырылады.

«Ал жастар лигасы биылғы жылдың қыркүйек айында басталуы тиіс. Ал қыздар арасындағы чемпионат қыркүйек немесе қазан, наурыз немесе сәуір айларына белгіленетін үш тур негізінде жүргізіледі», – деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан чемпионатының 2019/20 жылғы кезеңі коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылған. Нәтижесінде чемпионаттың биылғы жеңімпазы анықталған жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close