Спорт

Бокc: Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі алтын жеңіп алды

0
(0)

Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлады Newsroom+ақпарат агенттігі Olympic.kz.- ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Belgrade Winner халықаралық бәсекесін екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен аяқтады. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ал Ертуған Зейнуллинов жарыста қарсылас шақ келтірмей, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. 81 келіде Нұрбек Оралбай мен 91 келіде сынға түскен Василий Левит күміспен күптелді.

Тағы үш боксшымыз, атап айтқанда, Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Райыс Нұрқанат (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (+91 кг) қоржынды үш қола жүлдемен толықтырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button