Спорт/Шоу-Биз

«Әлем ханымы – 2020»: Қазақстанның намысын Қайрат Нұртастың әйелі қорғайды

3.6
(81)

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы – 2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 

«Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты – әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді.

Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңіздің осы посттың астына “Қолдаймын” деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 81

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button