Спорт/Шоу-Биз

Әнші Бауыржан Ретбаев тұңғыш рет әке атанды

2.9
(9)

Отандық әнші, «Қазақстан дауысы» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы Бауыржан Ретбаев тұңғыш рет әке атанды, – деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде өзгелердің нәрестелі болуымен құттықтауларын жариялаған. Танымал әнші былтыр Қарлығаш есімді аруға үйленген болатын. Бүгінде жұлдызды отбасы кішкентай ханшайымның ата-анасы атанып отыр.

Еске сала кетсек, Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» тележобасының жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге ұтып алған болатын. Кейіннен белгілі композитор Ұлықпан Жолдасовтың продюссерлік етуімен «Дауыс KZ» тобында өнер көрсеткен. Топ құрамында Бердібек Құлғараев та осы жобаның бірінші кезеңінде финалисті атанған. Топтан кеткен соң, ол жеке шығармашылыққа бет бұрған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.9 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close