Спорт/Шоу-Биз

«Нысана» театры әртісінің жары «алаяқ» атанып, үстінен шағым түскен

0
(0)

«Нысана» театры арқылы танылған Нұрбол Айтуловтың жары Алтынай Серғазықызының басы дау қалған. Жүйелік компанияға тіркеліп, қырыуар қаржы пайда көруді көздейтін қаржылық компания жұмысын, тоқтатып, салымшыларды сан соқтырған. Бүгінде Нұрбол Айтуловтың жары Алтынай Серғазықызының үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірген деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы әртістің жары өз Instagram парақшасында жазба қалдырып, түсінік берген.
«Бәрін басынан бастайын. Әзірге компания ашатын деңгейге жете қойғаным жоқ. Компания ашсам да, тез жабылып қалатын емес, елге ұзақ уақыт пайдасын тигізетін компания ашуды нәсіп етсін Аллам! Ал енді өзімнің қазіргі басымдағы жағдайға келер болсам, 20.02.2020 жылы tothemoon.one платформасына тіркеліп, өзімнің бұрынырақ алған Призм криптовалютасын көбейткім келген. Басында ешкімге тіс жармай, өзім ғана жобаны тексеріп, бақылап отырғанмын. Барлығы қалыпты істеп тұрғанына көз жеткізген соң, призмдері бар таныс қыздарға жоба туралы айттым. Сонымен тыныш отырғанбыз, криптовалютамыздың көбейгеніне мәз болып. Кейіннен компания науқандық тарифтер шығарып, өз партнерларын қызықтырды. Бәрімізде пендеміз, пайдаға қызығып, табысымыз түсіп тұрды. Менің қателігім сол түскен пайдаларды шығарып тұрмай, келесі мерзімге реинвест жасай беріппін. Алла маған бұйыртпаған екен. Сонымен не керек, мамырдың 22 нен бастап сайт жабылып, ақшамызды ала алмай қалдық. Осы жағдайға байланысты заң орындарына шағым түсіріп, арызданып жатырмыз. Жарнамасы керемет болған компанияға өзімде алданып қалдым. Өзімнің кеткен ақшаларыма өкінбеймін. Кейін кіргендердің ақшалары қайтарылса екен. Осындай қиын жағдайда, кейбір мен танымайтын адамдар маған жала жауып, «50 мың АҚШ долларын шығарып алдың, күйеуіңнің танымалдығын алға тартып, ақша тауып бермесең масқараңды шығарамыз» деп бопсалап жатқандары жанға батады»,-дейді әзілкештің жары.
Естеріңізге сала кетсек, «Бауыржан-шоу» арқылы танылған Әбунасыр Серіков 2007-ші жылы театр ашқан болатын. «Көңілді тапқырлар клубы» арқылы танылған жігіттерден құралған «Нысана» театр аз уақытта танымалдыққа ие болған еді. Көпшіліктің сүйікті актеріне айналып үлгерген театр әртісі Нұрбол Айтулов біраз кино туындыларға түсіп танымал болып үлгерген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close