Спорт/Шоу-Биз

Қазақстанға УЕФА 4,3 млн еуро, ФИФА 500 мың доллар беретін болды

0
(0)

УЕФА Covid-19 дертімен күресуге көмектесу үшін Еуропадағы 55 ұлттық қауымдастыққа 236,5 миллион еуро бөліп отыр. Олардың арасында Қазақстан да бар, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі  BAQ.KZ сілтеме жасап.

Ұйымның сайтында көрсетілгендей, әр қауымдастық 4,3 миллион еуроға дейін алады.

Қаражат HatTrick бағдарламасы арқылы ұлттық федерациялардың есебіне түседі. Әдетте, бұл бағдарлама транзакциялық шығындарды жабуға және футболдың белгілі бір салаларын мақсатты дамытуға ақша бөлетін. Бұл жолы УЕФА барлық деңгейдегі коронавирус пандемиясының футболға теріс әсерін азайту үшін ақшаны қайда жұмсау керектігін анықтауға ассоциациялардың өздеріне мүмкіндік берді.

Біздің спортымыз Covid-19 дағдарысынан туындаған бұрын-соңды болмаған сынаққа тап болды. УЕФА өз қауымдастықтарына осы бір қиындықты олардың нақты жағдайларына байланысты шешуге көмектескісі келеді. Сондықтан біз әр қауымдастыққа 4,3 миллион еуро аудару жөнінде шешім қабылдадық. Бұл қаражатты біздің қауымдастықтар футболды қалпына келтіру үшін қолдана алады, – деді УЕФА президенті Александр Чеферин.

Осының алдында ФИФА әрбір федерацияға 500 мың доллар аударатынын хабарлаған еді. Жалпы, COVID-19 індетіне байланысты 150 миллион доллар бөлген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close