Спорт/Шоу-Биз

Анасы мен баласы спаррингке шығып, күресіп жүр

0
(0)

Анасы мен баласы спаррингке шығып, бір-бірімен күш сынасып жүр  десем сенесіз бе?  Астаналық 15 шақты ана ұлдарымен жарысқа түсіп, олармен бірге таеквондо үйірмесіне қатысып жүр.  Аты да, заты да қиын спорт түрімен аналар 9 айдан бері шұғылданып жатыр екен.  Ал балаларына осылайша үлгі болғысы келген әке-шешенің мұндай шешіміне ұл-қыздардың өзі қалай қарайды?  Балаларымен жарыса жаттыққан аналардың көздегені не? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Балаға  көшедегі біреу емес, әуелі үйдегі әке-шешесі үлгі. Келесі кейіпкерлеріміз  осының айқын көрінісі.

Елордалық Жанель Мукашева спортқа ұлын бес жасынан тартқан.   Аптасына үш рет жаттығуы, айына бір болатын жарысы бар.  Қысқасы, алты жылда баласы біраз  жетістікке жетіп үлгерді.  Бірақ соңғы тоғыз айда, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізе бастады дейді.

Жанель МҰҚАШЕВА, қала тұрғыны:

«Әрине, әу баста аналарының мұнда жүргеніне балалар қатты ұялатын. Өйткені бұған дейін тек өздері ғана шынығып жүргендеріне үйренген. Бірақ кейін, біз олар үшін қосымша мотивация бола бастадық.  Біз жаттығуға қатысқан сәттен бастап, балаларымыз  үлкен нәтижеге қол жеткізді»

Әу-баста бала түгілі, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушының өзі таңғалғанын жасырмайды.  Бірақ,  жас аналардың ұсынысын қуана қабылдапты.

Алмас СЕРІКҰЛЫ, Жаттықтырушы:

«Біз тәжірибе ретінде көрейік деп шештік басында.  Бірақ нәтиже ойлағанымыздан да керемет болды. ата-аналардың құлшынысына таңғалдым. Аналарының еңбектегенін көріп, балалар да  бұрынғыдан жақсы шыныға бастады. Демек, бұрын тәжірибеңізде мұндай жағдайлар болған жоқ қой? Жоқ, болмады».

Әдетте, балаға анасы үйретуші еді. Кейіпкерлерімізде керісінше. Анасы білмегенін баласынан сұрайды.

Жанель МҰҚАШЕВА, қала тұрғыны:

«Балам керісінше, мен үшін уайымдайды. Яғни оған мен емес, керісінше ол маған жауап береді. Тіпті мен аттестациядан өткен кезде, ол маған көп нәрсе үйретті. Өйткені  оның дәрежесі менікінен үлкен».

Дана ИМАШЕВА, қала тұрғыны:

«Балам басында мұны қалжың деп ойлайтын. Ал мен аттестацияға дейін жеткенде тіпті таңғалған. Қазір бірге шынығып жүргенімізге қатты қуанады. Ол қазір бір белбеуге менен алда. Арасында, «анашым, менен қалып барасын ғой, қуып жетсеңші» деп айтатыны бар».

Бірақ аналардың мұндай шешіміне бәрі бірдей жылы шырай танытты деу қиын.  «Ұят емес пе» деп  райынан кері тартқан туыстары көп болыпты. Дегенмен, балаларының қолдауымен, бүгінде аз уақытта өздері де біраз жетістікке жетті.  «Сары белбеу» иелері атанды.

Мансұр, 11 жаста:

«Анам үйде бірдеңе сұраса, мен міндетті түрде оған бәрін түсіндіремін. Қалай дұрыс ұру керектігін үйретемін. Болашақта анаңның танымал таеквондист болғанын армандайсың ба? Иә, армандаймын».

Эмир, 6 жаста:

«Маған анаммен бірге шыныққан ұнайды.  Кімде жақсырақ шығады? Сенде ме, анаңда ма? Менде. Болашақта чемпион боласың ба?  Иә.  Анаң ше? Иә».

Аналардың сөзінше, бұл жаттығулар оларды балаларымен бірге жақындата түсті. Оған қоса, денсаулықтары да әжептәуір жақсарыпты. Енді олар алдағы уақытта ұлдарымен бірге үлкен жеңістерге жетеміз деп бекініп отыр.

«Спорт,спорт, спорт, ерліктің алаңы, ержүрек жалауы, сопрт жастардың қалауы, спорт жеңістің алауы».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close