Спорт / ШоуБиз

Олимпиадада бұйырмаған алтын паралимпиадада бұйырды

Ол парапауэрлифтингтен Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Олимпиадада қол жетпеген алтын паралимпиададан бұйырды. Токио төрінде өтіп жатқан 16-шы паралимпиада ойындарында отандасымыз Давид Дегтярев топ жарды, деп newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол парапауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Отандық спортшы бірінші кезекте 170 келі, екіншісінде – 172, ал үшіншісінде – 174 келі көтерді.

Дегтярев 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.