Спорт/Шоу-Биз

Танымал актерді карантинде әйелі асыраған

4.3
(6)

Халыққа «Бауыржан шоу» театры арқылы танылып, бүгінде төл шәкірттерін дайындап жүрген актер Алмат Сақатов індет кезінде қалай күн көргенін, қауіпті вируспен қалай күрескенін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Актер, әсіресе, карантин кезіндегі қиындықтан жас отбасылардың бұзылғанына, халықтың жұмыссыз қалып, пәтер жалдайтын қарапайым жұрттың ауыр күн кешкеніне қынжылды.

«Шыны керек, ғаламдық індет бізді де тығырыққа тіреді. Бір айдың жартысынан көбінде сыртта жүретін өнер адамдары үйге қамалдық та қалдық. Мұндайға үйренбеген мен алғашында қатты қиналдым. Көпқабатты үйде емес, жер үйде тұрғаным үлкен көмек болды. Неше жылдан бері бетін көрмеген қорама кіріп, құрал-саймандарымды реттедім. Аулаға гүл ектім. Бірақ вирустан қашып құтыла алмадық. Алдымен анам, кейін мен ауырдым. Жиырма күндей емделіп, кейін қатарға қосылдық. Карантин кезіндегі ең үлкен жұбаныш – немеремнің дүниеге келгені. Соған алданып, уақыт өтті», – дейді актер.

Алмат Сақатов ел басына қиын іс түскенде көптеген жас отбасылардың шаңырағы шайқалғанына да қапалы.

«Қиындыққа шыдамай, морт сынып кеткендер бар. Әсіресе, жаңадан шаңырақ көтерген жастар арасында ажырасудың көбейгенін естіп, көңілім түсті. Ақша кімге жеткізген дейсің? Отбасындағы ұрыс-керіс көбіне тұрмыстық жайттарға байланысты болады. Мәселен, мен өзім карантинде жұмыссыз қалдым. Әйелімнің жалақасына күн көрдік. Былайша айтқанда, әйелім асырады.

Елуден асқан адамдардың екі жаққа кетуі көп кездеспейді. Ал қазіргі жастар ажырасуға бейім, әйелін айырбастауға асығады. Бұл жерде бәрінен бұрын ортадағы балаға қиын. Карантин кезінде қаражат таба алмай қиналып, ақша үшін ұрысқан бірнеше жанұяны көрдім. Жұмысынан, табысынан айырылып, күнкөріс қамын енді қайтемін дегендерді де көзім шалды. Мұның бәрі уақытша сынақ», – дейді ол.

Сондай-ақ актер бүгінде өмірдегі шынайы оқиғаларға жақын түсірілген «Өткінші жаңбыр» телехикаясынан да үзінді келтірді.

«Осындай отбасылық драмалар белең ала бастағанда, «Алматы» арнасы жақсы жобаны қолға алды. Мен сериалда отағасының рөлін ойнаймын. Бақуатты, дәулетті отбасының иесімін. Бірақ әйеліме жұмыс істеуге мүмкіндік бермегенмін. Арада жылдар өткенде әйелім кәсібін қолға алады да, бизнесі өрге домалайды. Сол кезде оны аяқтан тартып, барынша кедергі келтіруге тырысамын. Қазақ жігіттерінің көпшілігі әйел үйде отырып, тек бала тәрбиесі, үй шаруасымен айналысуы керек деп ойлайды. Сериалда бұл пікірдің қате екенін көрсетуге тырысамыз», – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close