Спорт/Шоу-Биз

Тойда ұсталған Қайрат Нұртас жазаланатын болды

5
(1)

Қайрат Нұртас

Танымал әнші Қайрат Нұртасқа карантин кезінде Алматыда тойға барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Нұртас пен тойдың басқа да қатысушыларына 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.

«Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топтар ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысқан іс-шара өткізілгенін анықтады. Келушілердің арасында Қайрат Нұртас болды, ол басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Жуырда БАҚ-та Қайрат Нұртастың карантин ережелерін кезекті рет бұзғаны туралы жазылды. Әншіні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде байқаған. Бұзушылықты мониторингтік топ анықтады. Тойға қатысушыларды видеоға түсіріп алған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button