Спорт/Шоу-Биз

Тыржалаңаш суретіңді жариялаймын деді: Меруерт Түсіпбаеваны бопсалап жүрген ер азамат кім?

0
(0)

Әйел өзін бақытты сезіну үшін арқа сүйер азаматы болу керек дейді Түсіпбаева. Эстрада ханшайымы өнер әлемінен не себепті кетпек? Өзіне қоқан-лоқы көрсетіп, бопсалап жүрген азамат кім? Бұл туралы Меруерт Түсіпбаеваның өзі айтты.

Әнші өмірі мен жоспары жайлы Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Егер әйелдің азаматы болмаса, әйелдің өзіне деген сенімділігі төмендеп кетеді. Оған мереке сайын сыйлық беріп, қал-жағдайын сұрайтын адам керек. Күнделікті телефон шалып, жағдайымды сұрайтын адам барына қуанамын. Иә, менің арқа сүйейтін адамым бар. Тағдырымда ондай адамның барын жасырмаймын және ризашылығымды айтамын», – деді Түсіпбаева.

Ал әншінің инстаграм арқылы қорқытып жүрген азамат кім?

«Мені кім қорқытып жүргенін нақты айта алмаймын. Бірақ күмәнданатын адам бар. Мен бір кездері балаларға қарбыздың қабығын жегізген еркек туралы айтқан едім. Сол адам қорқытып жүрген шығар деп ойлаймын. Бірақ көзім жеткен жоқ. Хат жазып қорқытады, тыржалаңаш жатқан суретіңді жариялаймын деп жазады. Оны балам да біледі. Мен еш жерде тыр жалаңаш жатқан жоқпын. Бірақ қазір фотошоп деген нәрсе бар», – деді әнші.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button