Спорт/Шоу-Биз

Сабина Алтынбекова спорттық мансабын жалғастыра ма?

0
(0)

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жанкүйерлерінің спорттық мансабын жалғастыру туралы сұрағына жауап берді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарының бірқатар сауалдарына жауап қатты. Олардың арасында Сабинаның спорттық мансабы мен алдағы мақсаттары туралы сауалдар бар. Волейболшы италиялық клубпен келісімшарты аяқталғанын, алайда спортты тастамайтынын мәлім етті.

Ол «Волейболдағы мансабыңды жалғастырасың ба» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді.

Алтынбекованың соңғы клубы итальяндық «Казерта» болды. Ол 2019 жылдың шілдесінде аталған ұжыммен келісімшартқа отырды, алайда қаржылық мәселелерге байланысты италиялық командадан кетті. Онда волейболшы бірде-бір матч өткізген жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button