Спорт/Шоу-Биз

Өз еркімен шешті: Луина күйеуінің ислам дінін қалай қабылдағанын айтып берді

0
(0)

Бүгін әнші Луина өзінің инста-парақшасына Рамазан айымен құттықтап, фото жүктеді. Неке қиылған кезде түскен сурет соң әншінің жолдасы туралы сұрақтар толып кетті, деп жазады stan.kz.

– Луина, Рамазан құтты болсын. Бүгін әдемі сурет салдыңыз. Неке қиған сәттегі естелік фотодан кейін көп оқырмандар сіздің жолдасыңыздың діні мен ұлты туралы сұрақтар қоюда. Өзіңіз нақтылап жауап бере аласыз ба?

– Жолдасымның ұлты – орыс. Діні – ислам. Мұсылман дінін жас кезінде қабылдаған. Ешкімнің ықпалынсыз, ешкімнің итермелеуінсіз өзі сондай шешім қабылдаған. Негізі жолдасым шешімді өзі қабылдайды. Өзінің нақты пікірі бар азамат. Маған бұл мінезі ұнайды. Бұл тақырыпта күйеуіммен сөйлескенде:»жаныма жақын болғандықтан қабылдадым»деді. Яғни, күйеуім ислам дінін маған жағыну үшін қабылдаған жоқ. Тіпті, ол мұсылман болмаса да мен оған тұрмысқа шығудан бас тартпайтын едім. Адамды ұлты мен дініне қарап бөлу дұрыс емес.

– Ал, сіздер Ораза ұстадыңыздар ма?

Жоқ, біз Ораза ұстамаймыз. Жеке өзім мектеп кезімде ұстап көрдім. Бірақ, көпке шыдамадым. Болашақта Ораза ұстаймын деген ниетім бар.Ал, дәл қазір жүктілікке байланысты маған болмайды.

– Жүктілік айы қалай өтуде?

– Жүктілігім керемет өтуде. Кеше ғана дәрігерге барып, тексеріліп келдім. Баламның да, өзімнің де денсаулығым өте керемет. Аман-есен қолымызға алатын күнді күтудеміз.

– Қазір босанатын кезде серіктес ретінде күйеуі де бірге кіреді. Мұндай тәсілді қолдайсыз ба?

– Кейде мен де күйеуім серіктес болса керемет қой деп ойлаймын. Бірақ, нақты бұл дұрыс немесе бұрыс екеніне күмәнім бар. Ал, жолдасым үзілді-кесілді қарсы. Әркімнің өзінің таңдауы мен шешімі бар ғой. Біздің жағдайымызда жолдасым сыртта күтіп, алғаш болып сәбиді қолына алатын шығар деп ойлаймын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close