ӘлемдеСпорт/Шоу-Биз

Атақты гольф ойыншысы көлік апатына ұшырады

0
(0)

АҚШ-та әлемге әйгілі гольф ойыншысы Тайгер Вудс жол көлік апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілді. Оқиға Ранчо Палос Вердес қалашығының маңында болды.  Оқиға орынына жеткен полицейлер оны көліктен арнайы құрал арқылы кесіп, шығарып алған. Спортшы аяғынан көп жарақат алған көрінеді.

Айта кетейік, 45 жастағы Тайгер Вудс «Мейджор» турнирінің бірнеше дүркін чемпионы. Бірақ әйгілі гольф ойыншысы 2009 жылы да көлік апатына ұшырап, кәсіби спорттан кететінін мәлімдеген еді. Алайда кейін үлкен спортқа қайта оралған болатын.

Карлос Гонзалес, Лос-Анджелес округі шерифінің орынбасары

Бұл жол апаты жиі болатын қауіпті жол учаскесі болып саналады. Себебі жүргізушілер осы тұста жылдамдықты асырып, апатқа ұшырап жатады. Ал осы оқиғада жүргізушінің аман қалуына қауіпсіздік белдігін тағып отыруы көп көмек болған деп айта аламын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button