Спорт/Шоу-Биз

«Астана» футбол командасы «Қайсардан» басым түсті

5
(1)

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 20-турында елордалық «Астана» қызылордалық «Қайсардан» басым түсті, деп Newsroom+ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» қатарынан төрт ойында жеңіске жете алмай келе жатқан болатын. Сол сәтсіздіктер сериясын бүгін тоқтатты . Ойынның 25-минутында елордалық Марин Томасов есеп ашса, оған 31-минутта қызылордалық Максим Федин бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде Пиерос Сотириу екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Алдымен 61-минутта гол соқса, 73-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Астана» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгінгі жеңісінен кейін елордалық клуб 27 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Аталған турда бүгін тағы төрт ойын өткізіледі. Қазір бірінші кезеңнен кейін «Қызылжар» мен «Ордабасы» 0:0 есебімен тең түсіп жатса, «Тараз» «Каспийден» 0:1 есебімен жеңіліп жатыр. Ал «Шахтер» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тобыл» арасындағы ойындар елорда уақытымен 18:00-де басталады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button