Дана Есеева бесінші сәбиін өмірге әкелді

 307 

Еліміздегі отбасылық тақырыптағы вайндарымен танылған Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл турады Мейіржан Төребаев өзінің Instagram парақшасында айтты өтті, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Данка аман есен босанды. Ұл бала. Сағат 11:30-да бір сағаттан соң босанды. Бойы 56 см, 4,5 салмағы. Барлықтарыңыздың тілектеріңізге рахмет. Оразалаңыз қабыл болсын. Бүгін Оразаның соңғы күні. Келесі жылы оразаға аман жетуді нәсіп етсін»,- дейді жас әке Мейіржан Төребаев.

Еске сала кетсек, Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева өздерінің отбасылық әзілдерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген жандар. Ең алғаш рет жұлдызды отбасы 2018 жылы Қазнет кеңістігінде ең танымал жұпқа айналды.

Ұлттық телевизиялық «Жыл таңдауы 2018» сыйлығына және «Халықтың сүйіктісі» премиясында «Үздік вайнер» атанды. Оларды бүгінде халық жай ғана блогер және интернет-жұлдызы деп танымай, бір-біріне адал жар, төрт баланың үлгілі ата-анасы ретінде біледі.

Бөлісу: