«Димаш әлемді өзгертіп жатыр»: Қытайлықтар әншінің туған күніне 2780 ағаш отырғызды

 182 

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 26 жасқа толады. Осыған орай, әншінің қытайлық фан-клубы «Димаш» атты 2780 ағаш отырғызған деп хабарлайды Newsroom +  тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары аспан асты елінің солтүстік-батысындағы шөл даланың шекарасында 2 780 ағаш отырғызып, оған сүйікті әншілерінің есімін берген.

 

«Димаш Құдайбергеннің 26 жасына арнайы сыйлық. Dears Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл даланың маңына құмды тоқтату және желдің әсерін азайту, сондай-ақ, қоршаған ортаны жақсарту үшін «Димаш» атты 2780 ағаш екті», – деп хабардер етті әртістің фан-клубынан.

Әншінің тыңдармандары отырғызылған ағаштар аймақты желден, құм боранынан сақтайды деп үміттенеді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келге. Оның ата-анасы ерекше даусымен қазақ еліне танымал Қанат-Света Айтбаевтар.

Ал дүниежүзін ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш ән айтып қана қоймай, футболды да жақсы ойнайды.

Бөлісу: