«Ласковый май» тобының солисті Юрий Шатунов қайтыс болды деп newsroom.kz хабарлайды.
Шатунов Домодедово ауруханасында инфаркттан қайтыс болды.
Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. 1980-ші жылдары балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан «Ласковый май» тобында танымалдылыққа ие болды.
Топ әсіресе продюсер Андрей Разиннің арқасында танымал болды.
Топтың ең танымал шығармалары «Белые розы» және «Седая ночь» болды.
