Спорт

Танымал Q-POP тобы есірткі әзірлеп, сатумен айналысқан

5
(1)

Сахнаны  синтетика,  қолтаңбаны  қолкісен алмастырған ба? Алматыда есірткі саудасымен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды. Заңсыз қызметтің жолын кескен полицейлер күдіктілердің қолға түскен сәтін желіге жариялады. Әсілінде, кезекті қылмыстық топ құрықталды дерсіз, бірақ желідегі жұрт күдіктілердің арасында елге танымал Q-pop бағытындағы МadMen тобының мүшелері барын таныған еді. Күдік расқа айналды. Алматы қалалық полиция департаменті қолға түскен 10 адамның екеуінің осы топқа қатысының барын растады. Ал жалпы жастары 21 мен 30-дың аралығындағы 10 адам адамнан құралған топты 27 жастағы жігіт басқарып келген. Олар Алматыда синтетикалық есірткі дайындап,  өткізумен айналысыпты. Ал қажетті заттарды Ресейден жеткізіп отырған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан ӘЛМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Аталған топ Наурызбай, Алатау аудандарында есірткі зертханасын ашып, даярлап, закладка арқылы сатқан. Қазіргі таңда адамдардың бәрі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр»

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button