Төреғалидің қарындасы Фариза: Арым таза деп жүрген едім

 338 

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі ақ некесінің қиылғанын мәлімдеді. Әншінің қарындасы желі қолданушыларының сұрауы бойынша сан сұраққа жауап берді.

Бұл туралы Фариза Төреәлі желідегі парақшасында жазды. Ол Алла алдындағы ақ некесін қидырғанын жазды.

«Алла алдында ақ некеміз қиылған еді. Әкем мен ағам халық алдында жүріп, халық адамы болған соң олардың атына жаман сөз ергенін қаламадық.. Олардың есімдерін айтып, әкем мен анам берген тәрбием жайлы сөз еткен адамдардың әр айтқаны жүрегіме батушы еді, ең бастысы Алла алдында арым таза ғой деп жүрген едім.

Сіздердің алдарыңызда жүрген соң, сан сұраққа жауап берейік деп үйдегілер шешіп, ағам ақ некеміздің қиылғанын жария еткен еді, құрметті оқырмандарым. Бізге бақыт тілеп қойыңыздар, сіздерге Аллам еселеп қайтарсын», – деп жазды.

«Жарасымды жұп! Бақытты болыңыздар», «Бақытты болдыңыздар!  Барлық қыздарға нәсіп етсін», «Құтты болсын! бақытты болыңдар», – де жазды желідегі оқырмандары.

Айта кетейік, бір жыл бұрын ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасы тұрмысқа шығуға келіскен еді. Бойжеткен қазақстандық спортшы Дархан Нортаевқа жар болды.

Бөлісу: