Спорт

Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

5
(2)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан «жағдайы тұрақты» деген сөзі көп үміт және сенім береді», – деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button