Спорт / ШоуБиз

Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді, деп newsroom.kz  хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде (Италия) өткен WTA 1000 – Internazionali BNL d’Italia турнирінде жеңіске жетті. Ол финалда әлемнің 47-ракеткасы Ангелина Калининамен кездесті. Есеп 6:4, 1:0 болғанда украиналық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас татты. Нәтижесінде матч Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Қарсыластар кортта 1 сағат 8 минут ойнап үлгерді. Матч барысында Елена 1 қосарлы қателікпен 3 эйс жасады.

Турнир барысында Рыбакина Ясмин Паолини (Италия), Анна Калинска (Ресей), Маркета Вондрусованы (Чехия), Елена Остапенконы (Латвия), тіпті әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңді.

Римдегі осы жетістігі арқылы Рыбакина 521 754 еуро сыйақыға ие болды. Бұдан бөлек 1 000 рейтингтік ұпай жинап, әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. WTA рейтингіндегі қазіргі позициясы (алтыншы орын) осы уақытқа дейін оның спорттық мансабындағы ең жақсы көрсеткіш болатын. Енді міне тарихта алғаш рет қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Бұған дейін бір де бір қазақстандық теннисші мұндай нәтиже көрсеткен емес. Бұл Рыбакинаның Индиан-Уэллстен кейін биылғы маусымдағы WTA 1000 туринрлеріндегі екінші жеңісі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.