Спорт / ШоуБиз

«Қазір тәкаппар» жас кезіндегі бейнежазбасын салған Қарақат…

Instagram-ға жиырма жастан асқан кездегі бейнежазбасын салған Қарақат қазнетте қызу талқыланып жатыр. Әншінің ескі таспадағы табиғи болмысын көрген көпшілік қазір қатты өзгерген айтқан, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Желіге жүктелген сәтте бірден жұрт назарына іліккен видео осыдан 20 жыл бұрын, яғни 2002-де түсірілген екен. Әлгі роликте жап-жас Қарақат дастархан басында «Атыңнан айналдым, Жаңарқам» әнін домбыраның сүйемелдеуімен құйжылжыта орындаған. Әбілдинаның жанында тұңғышы отыр. Ол кезде Бекболат Болмановтың бір жасар кезі екен. Әнші жеке парақшасындағы дәл осы бұрынғы бейнетаспаға қатысты ерекше естелікпен бөлісіпті.

Шаң басқан архивтерден табылармыз. 20 жыл бұрын жаңаарқалық марқұм Бағлан ағаның шаңырағындағы естелікті Гүлбаршын Тергеубекова жіберіпті. Өтіп жатқан уақыт-ай. Қасымда отырған сары балапанды таныған боларсыз. Жаңаарқама жалынды ән сәлемім болсын, — деді Қарақат.

Табиғи қас, бояусыз бет, қазақы келбет және шынайы болмыс. Бұл видеоны көрген тыңдармандары жас кездегі Әбілдинаның әні мен дауысына ерекше тамсанғанымен, бірақ Қарақаттың қазір қатты өзгергенін де ашық айтыпты.

«Дауысыңыз керемет, Қарақат. Жас кезде қарапайым болыпсыз. Қазір ондай емес, басқашасыз. Қазір тәкаппар болып көрінеді», «Керемет ән, керемет дауыс. Бірақ жас кезде кәрі болыпсыз. Қазір косметиканың дамыған заманы ғой», — деп жазды оқырмандары.

Фото: exk.kz

Фото: exk.kz / instagram.com / karakat_a

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.