Әншілерді шегірткеге теңеген Нұрсиланың шәкірттері ұтыс ойынын ұйымдастырған

 821 

Қазіргі уақытта әншілердің «лотерея» ойнатуы сәнге айналып кетті. Ал оның артында кімдердің тұрғанын халық біле бермейді. Осы орайда отандық теле бағдарлама ұтысты ұйымдастырушылар туралы ақпарат жинастырды. Соның нәтижесінде олардың бірқатары бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері болып шыққан. Ал кәсіпкердің өзі бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын мойындады, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ахметбек Нұрсила Астарлы ақиқат бағдарламасында айтып, ондай оқушыларымен енді жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

«Сен Алашты емес ақшаны, халықты емес қалтаны ойлап кеттің» дедім де шығарып тастадым. Маған жасаған жаманшылығы жоқ. Бір ауыз сөз де айтқан жоқ, қарсы да келмейді. Балам сияқты болды», – деді кәсіпкер.

Ол ұтыс ұйымдастырған шәкіртерінің тірліктеріне «мен төрелік етпедім» дейді. 

«Егер осы ойнатып жүрген адамдардың үстінде мен тұратын болсам, сол бүкіл халықтың қарғысы және қарызы менің мойнымда ілінсін», – деп сөзін түйіндеді Ахметбек Нұрсила.

Айта кетейік, әлеуметті желіде «лотерея» ұйымдастырған қазақ эстрадасы әншілерінің көбісінің соңғы уақытта бастары дауға қалып жүр. Соның бірі – Ернар Айдар. Өнер иесінің карантин уақытында ұтыс ойнатып, тікелей эфирде қолға түскенін күллі жұрт көрді.

Бөлісу:


Және де: