Спорт/Шоу-Биз

Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жек күні белгіленді

0
(0)
Gennady Golovkin, of Kazakhstan, boxes during a workout Tuesday, June 4, 2019, in New York. Golovkin faces Steve Rolls, of Canada, in a middleweight bout on Saturday. (AP Photo/Mark Lennihan)

Қазақстандық танымал боксшының промоутері Эдди Хирн IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шеремета жекпе-жек өткізетін күнді жариялады.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та Сан-Антониода Alamodome залында поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі    Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эдди Хирн мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне растап, жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жариялануы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

Ал бұған дейін DAZN стримингтік қызметі тек GGG-мен қаржылық шарттар туралы келісуі керек деп хабарлаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close