Спорт

Қазақстандық фильм Германия кинофестивалінің тұсауын кеседі

0
(0)

20-26 сәуір аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы Висбаденде онлайн түрде өтетін Орталық және Шығыс Еуропаның 21-ші goEast кинофестивалін ашады.

Фильмді Zerde Films (Қазақстан) компаниясы мен Short Brothers (Қазақстан), «Қазақфильм» және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен түсірді.

Туынды бұрынғы қылмыстық өмірді біржола артқа тастап, таулы мекенде кинотеатр ашуды армандайтын Кермек есімді жігіттің оқиғасын баяндайды.

Айта кетейік, фестиваль аясында Әділхан Ержановтың тағы екі картинасы – «Бақытжамал» қысқаметражды таспасы (2007) және конкурстық бағдарламада ұсынылған «Ұлболсын» көркем фильмі (2020) көрсетіледі. Биыл фестивальге барлығы 92 жоба қатысады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button